Жексенбі, 28 Сәуір 2024
2530 3 пікір 20 Маусым, 2019 сағат 10:39

Мемлекет басшысы Нұрлан Нығматулинді қабылдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Мәжілістің қазіргі жұмыстары, нәтижелері мен заң шығару жұмыстары, сондай-ақ, биыл 23-24 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесін өткізудің дайындық барысы жөнінде баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жүргізіліп жатқан реформаларды сапалы заңдық тұрғыдан сүйемелдеу және заң жобаларын уақтылы қабылдау қажеттігін айтты.

Кездесу соңында Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

Abai.kz

3 пікір