Сенбі, 11 Мамыр 2024
4109 7 пікір 19 Маусым, 2019 сағат 13:09

Адвокат Гүлнара Каримованың жағдайының нашар екенін айтты

Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтің қызы Гүлнараның швейцариялық адвокаты Грегуар Манжа (Grégoire Mangeat) Зангиата колониясына барғаннан кейін Twitter парақшасына былай деп жазды:

«Қазір ғана Зангиатадан келдім (Гүлнара Каримова жазасын өтеп жатқан түрме – редакция). Клиентімнің жағдайы ауыр. Қан қысымы жоғары. Бір аяғы таңулы. Ем жоқ. Менің мемлекетке бір ғана сұрағым бар: Зангиата, неге, қашанға дейін? Бассыздықты тоқтатыңдар!».

Бірер күн бұрын Гүлнараның қызы Иман Каримова Instagram парақшасына Өзбекстан бас прокуроры мен арнайы қызмет басшысына жазған хатын жариялады. Онда түрме басшылары анасына психологиялық, физикалық қысым көрсетіп жатыр деген.

Бірақ Өзбекстан бас прокуратурасы мұның бәрін теріске шығарды.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1926
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2063
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1719
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1522