Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3563 0 пікір 29 Маусым, 2011 сағат 10:54

Арсыздың ана тілі болмайды

Суретті түсірген Фазылбек Әбсаттарұлы

Ағымдағы жылы азаттығымыздың - мемлекеттік Тәуелсіздіктің 20 жылдығын тойлағалы отырмыз. Және Ана тіліміз - қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесі заң түрде бекігеніне де жиырма жыл. Ал, біздің мемлекет - мақау мемлекет. Мемлекеттік тіліне титтей де құрметі жоқ, ата заңның мемлекет туралы тармағына түкіргені бар мемлекет. Дүниеде мемлекеттік тілін қорлайтын, оны жиырма жыл бойына көзін бақырайтып қойып өп-өтірік қағаз жүзіндегі нұсқаулар және бағдарламалармен алдап келген үкіметті және анасының тілін білмегеніне ешбір арланбайтын керек болса, туған тілінің тамырын кесуге қуана кірісетін адам баласын көргіңіз келсе - Қазақстанға қош келдіңіз!

0 пікір