Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Мың бір мысал 4225 9 пікір 17 Маусым, 2019 сағат 12:30

Қазақы дүниетанымды жабайы алмадан іздеу керек

Елбасы Н.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында біздің жеріміз алманың, қызғалдақтың отаны екенін айтты. Шынында да, көктем мезгілінде қазақтың қай қиырына шықсаңыз да, кілем сияқты құлпырып жатқан қызғалдақты көресіз. Бұл да біздің бір байлығымыз.

Бүгінде жер жүзінде қызғалдақтың 3 мыңнан астам түрі бар, олардың басым көпшілігі – біздің дала қызғалдағының «ұрпағы». Қазір Қазақстанда қызғалдақтың 35 түрі өседі.Соның 12 түрі Қызыл кітапқа енген. Оның тұқымын шетелге шығаруға тыйым салынған. Осы тұрғыда Голландияны гүлдің отаны дейміз. Бірақ бұл ел қызғалдақтың емес, раушан гүлінің отаны екен. Голландия Қазақстанда өсетін қызғалдақ гүлінің тұқымын еліне апарып, өсіріп,

Демек, асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың «тарихи отаны» екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Қарапайым, бірақ бүкіл әлем үшін өзіндік мән-маңызы зор бұл өсімдіктер осы жерде бүр жарып, жер жүзіне таралған. Қазақстан қазір де әлемдегі алма атаулының арғы атасы – Сиверс алмасының отаны саналады. Дәл осы тұқым ең көп таралған жемісті әлемге тарту етті. Бәріміз білетін алма – біздегі алманың генетикалық бір түрі. Ол Қазақстан аумағындағы Іле Алатауы баурайынан Ұлы Жібек жолының көне бағыты арқылы алғашқыда Жерорта  теңізіне, кейіннен бүкіл әлемге таралған. Осы танымал жемістің терең тарихының символы ретінде еліміздің оңтүстігіндегі ең әсем қалалардың бірі Алматы деп аталды.

Қазақстан аумағындағы Шу, Іле тауларының етегінен әлі күнге дейін жергілікті өсімдіктер әлемінің жауһары саналатын Регель қызғалдақтарын бастапқы күйінде кездестіруге болады. Бұл әсем өсімдіктер біздің жерімізде Тянь-Шань тауларының етегі мен шөлейт даланың түйісер тұсында пайда болған.

Этнограф-ғалым Тәттігүл Қартаеваның айтуынша, қазақы дүниетанымды жабайы алмадан іздеу керек. «Жабайы алма тау бөктерінде өседі. Жабайы алма піскенде сол ауылдың балаларын үйде ұстау мүмкін емес. Қазақ алма жүзді, алма мойынды, алма кеуделі, алма ерінді деген теңеулер қолданған. Ал біздің петроглифтердегі бейнелерді, тасқа салынған суреттерді қарасақ, көбінесе тауешкі, таутеке, бұғы, арқар. Бұның барлығы тау аңдары. Сол аңдардың қорегінің бірі – жабайы алма. Байырғы емшілер адамды тек малдың майы, сорпасымен емес, шөптермен де емдеді. Міне, олар жабайы алманың дәнегі арқылы жүрек-қан тамырлары, жемсау ауруын жазған» дейді.

Қазақ халқында «Қызғалдақ май» деген ғұрып бар. Қазіргі кезде айтылмаса да, ауыл ақсақалдарының аузында жүр. Байырғы жазбаларда, Орталық мемлекеттік музейдің энциклопедиясында бар. Қызғалдақтың гүл ашатын кезеңі санаулы күндер. Сәуір айының аяғы мен мамыр айының басы. Бір қызығы, алма мен қызғалдақ бір мезгілде гүлдеп, бір уақытта түседі екен. Ал қызғалдақ гүлдеген уақытта сүттен алынған май қызыл болады. Жалпы, майдың түсі малдың жеген шөбінің түсіне байланысты. Ауыл әйелдері дастарқан жасап, қызғалдақтан алынған маймен шәй берген. Оны «Қызғалдақ май» ғұрпы деп атаған.

Бұл туралы Тәттігүл Қартаева: «Неміс дәрігері һәм саяхатшы Рихард Карутцтің қазақ даласына келгені белгілі. Оның мамандығы дәрігер болса да, этнографияға, тарихқа жақын. Ол ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Маңғыстау өңіріне үш рет келген. Ең соңғы рет 1903 жылы ат басын тірепті. Осы үш рет келуінің нәтижесінде «Маңғыстаудағы қазақтар мен түркімендер» деген еңбек жазып, ол 1911 жылы Санкт-Петерборда жарық көрді. Карутцтың неміс тіліндегі жазбасын Э.Петри орыс тіліне аударған. Демек, қызғалдақ пен алманы айтқанда оңтүстік-шығыс өңірі ғана еске түседі. Ал Қазақстанның шөлді аймақтарында осыған қатысты таным болды ма екен деген оймен Карутцтың еңбегін аштым. Сөйтсем, ол Маңғыстауда отырып теріден жасалған ер тоқым туралы жазады. Оған қызғалдақтың оюын бедер арқылы түсіреді. Теріге түскен бедер өмірбақи кетпейді. Ә.Қастеев музейінің сәндік-қолданбалы өнер залында қызғалдақ салынған жібек дастарқан бар. Орталық музейде сағат, қос білезік бар. Бір айта кетерлігі, қызғалдақтың сабағы мен жапырағы бірге берілген. Бұл – өсу, өну, өркендеу деген идеядан туған. Сондай-ақ, ХV ғасырда салынған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі сәулет және ғимарат санатпен ЮНЕСКО-ның мұра тізіміне енді. Осы ғимараттың ішкі және сыртқы қақпасында оймыштап салынған қызғалдақ оюы тұр. Және сыртындағы эмальмен салынған кірпіште де бар» деген тың деректерге қанықтырды.

Салтанат Шырынхан

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 503
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 261
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 286
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 285