Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2408 0 пікір 27 Маусым, 2011 сағат 05:26

Ермұрат Бапи. "Ақ жолдың" аттанысы

Ақорда жақтан жыбыр-сыбыр сыбыс шықты: нұрға бөленген билік партиясына балама «Ақ жол» болады деген. Өріп жүрген өсек емес, елордаға етене жақын жүргендер айтады: «Жуықта «Ақ жолдың» құрылтайы өтіп, әудем жер әупіріммен келген Әлихан Бәйменовтің орнына арқыраған Азат Перуашев келеді...» - деп. Аты «Азат» болса да, заты биліктің көгеніне байлаулы Перуашевтің пәтуасы пәнятнә - ол жүрген жерге арам шөп те шықпайтыны Азаматтық партиядан бері белгілі.

Әгәрки сол сыбыс рас болса, қоғамның қомында арлы-бері аунақшып жүрген біраз жүк түсейін деп тұр. Оның біріншісі - балгер біткеннің болжамына бүгінге дейін бой бермей келген парламенттік сайлаудың күні туды деген сөз: Ақорда «апама жездем сай» сыбайласын сайлап алудың астарлы амалын қамдап жатқаны. Яғни айдың-күннің аманында арқа жалы арбиып жүретін Перуашев пергілеп отырып, «Ақ жолды» оппозиция ойынына оп-оңай қосады да жібереді. Сөйтеді де, бұған дейін бұғып жүрген «Ақ жол» биліктің «жағасынан алған» партия ретінде парламенттің партасына былш етіп отыра қалады.

Азат шырақтың шыңғырысы саясаттың сайындағы суырдың айғырынан айнымаса да, оған «Ақ жолдың» арқан-жібін кім ұстатады? Бұл - қоғамның қомында жүрген екінші жүктің сұрауы. Елдің есінде: президенттің парламенттен оппозицияға орын береміз дегені. Алтынбек-Болаттармен айырылысқан соң, қаңқасы қалған «Ақ жолға» дем салмақ болғаны - бермек болғаны дей беріңіз. Ендеше, ол «оппозицияны» оғаштың ойыншығы қылмасы - бұл қоғамға тағы да қанық қағида.

«Қағида» дегеннен шығады, естілген сыбыстың сыпсың сөз еместігін «Стратегия» деген итбілмес институт дәлелдеп жатыр. Ол да Перуашевтің пошымындай президенттің әкімшілігі әмеңгер еткен институт болғандықтан, бұ қоғамда «Нұр Отаннан» кейінгі дөкей партия «Ақ жол» деген «тұжырым» түйіпті. Қалжың емес, институт иін қандырған хабарды оқыңыз: «Егер «Нұр Отан» партиясымен бәсекеге түсе алатын жаңа партияның пайда болу қажеттігі туралы айтатын болсақ, бұл - аталған орынды басып ала алатын саяси күш... «Ақ жол» болады» - депті (ҚазТАГ). Құй күл, құй жыла: «Ақ жол» партиясы «Нұр Отан» электоратының басты «мұрагері» ретінде 14% пайыз дауыс алады деп, доғал долбар дайындаған екен.

Қылқынып қалсаң да сол - шешім шығып қойған! Сыбыста сыпсың жоқ: «Ақ жол» енді оппозиция ойынына кіріседі. Бәйменовтің кезінде мәнді бір митинг түгілі, дені дұрыс дөңгелек үстел өткізбеген партия енді он төрт пайыз халықты соңынан шұбыртады-ай кеп-кеп-кеп!

Олай болса, «Ақ жолдың» ендігі иесі кім болады дейсіз ғой? Таңданатын түгі жоқ, әрине - Тимур. Машкевичтің меншігінен кеткелі Перуашев Тимурдың тобында. Ал Тимур және оның командасы - атасының баласы. Бәрі қисынды. Басқаның оппозиция болуы - оқыс.

...Айтпақшы, «оқыс» демекші, сонда «Ақ жол» Ақордаға аттанғанда, Жармахан-Болаттардың «Азат» партиясы қайда қалады?

Қайда қалушы еді?! Әдетте, әділет халық жағында емес пе еді...

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 23 (106) 22 маусым 2011 жыл

0 пікір