Жұма, 17 Мамыр 2024
3704 6 пікір 27 Мамыр, 2019 сағат 12:21

Қызылорда облысында іскер әйел-кәсіпкерлер форумы өтті

Бүгінгі таңда елімізде кәсіпкер әйелдердің үлесі 50%-дан асатынын, сонымен қатар шағын және орта бизнес кәсіпорындарының 60% - дан астамын әйелдер басқарады екен,- деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Қызылорда облысында шағын және орта бизнес саласында 93 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Айта кетейік, бұл экономикалық белсенді жұмыспен қамтылған халықтың үштен бір бөлігі болып саналады.

Сырдың бас шаһарында өткен іскер әйелдер форумына өңірлік қаржы ұйымдарының және мемлекеттік органдардың басшылары мен кәсіпкерлер қатысты. Сондай-ақ, шара шеңберінде іскер әйелдер өз өнімдерін көрмеге қойды.

– Республика бойынша кәсіпкер әйелдердің үлесі 50%-дан асатынын, сонымен қатар шағын және орта бизнес кәсіпорындарының 60% - дан астамын әйелдер басқарады. Бұған мемлекеттің кәсіпкерлікті дамытудағы жан-жақты қолдаулары, яғни мемлекеттік, үкіметтік және өңірлік бағдарламалардың, сондай-ақ қаржы институттары мен «Даму» қорының түрлі бағдарламалары өз септігін тигізуде. Оның ішінде, 5 млрд теңге мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржылай емес қолдауға, қайтарымсыз гранттар беруге және шағын несиелермен қамтамасыз етуге бағытталуда. Айта кету қажет, біз жыл басынан бері «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қаражатын күтпей-ақ, «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы арқылы микрокредиттер беру үшін облыстық бюджеттен 500 млн теңге бөлдік. Қазірдің өзінде, орталықпен жалпы құны 522 млн теңгені құрайтын 106 жоба қаржыландыру үшін мақұлданды. Оның ішінде, әйелдердің үлесіне жалпы құны 112 млн теңгені құрайтын 26 жоба тиесілі,- деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев. аймақ басшысы.

Сонымен қатар, аймақ басшысы биыл ауыл жастарына және көпбалалы аналардың бизнес-жобаларын қолдауға басымдық берілгенін атап өтті.

Форум барысында "Мансап" ЖШС директоры Наталья Мишукова, "Баланс плюс" ЖШС директоры Ақмарал Баймаханова, Айгүл Борамбаева, Динара Алмусаева, Жұлдыз Нұржанова сөз сөйлеп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, өңірдегі белсенді кәсіпкер әйелдер облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш форум аймақта екінші рет өткізіліп отыр.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2101
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2514
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2198
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1623