Жұма, 17 Мамыр 2024
2642 1 пікір 27 Мамыр, 2019 сағат 09:03

Қызылорда облысы: Шағын және орта бизнес субьектілерінің 86 пайызы жұмыс істеп тұр

Бүгінгі таңда өңірде 51385 шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Оның ішінде 44083 немесе 85,7 пайызы жұмыс істеп тұр. Жыл басынан бері жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1741 бірлікке артты.

Қызылорда облысы әкімдігінде өңірдегі  жаппай кәсіпкерлікті дамыту қорытындысы бойынша мәжіліс өтті. Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Мәселен, Қармақшы ауданында "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы аясында 12 жобаны іске асыру үшін несие беріліп, тағы 6 жоба екінші деңгейлі банктердің қарауында, ал 5 жоба сүйемелдеуге алынған. Ал Шиелі ауданында "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасын жүзеге асыру аясында 26 жоба ұсынылып отыр. Сонымен қатар, ағымдағы жылы инновациялық бизнес-идеяларды іске асыруға 200 жас кәсіпкер, 200 көпбалалы отбасы және 100 жұмыссызға мемлекеттік гранттар бөлу жоспарлануда.

Аймақ басшысы "біздің басты мақсатымыз – жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесін 14,4 пайыздан 2020 жылға қарай 20 пайызға дейін ұлғайту болып табылатынын, сол үшін шағын және орта бизнес саласына инвестиция тартып, жаңа кәсіпорындар ашып, экспорттың үлесін арттыру қажеттігін"  атап өтті.

«Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шағын және орта бизнестің үлесі 14,4 пайызды құрады. Жыл басынан бері шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1741 бірлікке артты. Бұл ретте 93 мыңнан астам облыс тұрғыны немесе өңірдің экономикалық белсенді жұмыспен қамтылған халқының үштен бірі осы салада жұмысқа орналастырылды. Жыл қорытындысы бойынша шағын және орта бизнесте жұмысқа орналасқандардың саны 95 000 адамға дейін жетуі тиіс», - деді аймақ басшысы.

Өңір басшысы әрбір әкім өзіне сеніп тапсырылған ауданда, қалада немесе ауылдық елдімекендерде бизнес-жобаларды әзірлеуге және сүйемелдеуге жауапты екенін еске салды.

«Жарты жылдықтың қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың тамыз айында өтетін кеңесте қала және аудан әкімдерінің жұмыс қорытындысы бағаланатын болады»,-деп атап өтті Қ.Көшербаев.

Сондай-ақ, аймақ басшысы қаржы ұйымдарына құжаттарды қабылдау кезінде қиындықтардың орын алуына жол бермей, өңірдегі жаппай кәсіпкерліктің дамуына барынша қолдау көрсетуді тапсырды.

Сонымен қатар, бүгін жаппай кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті. Қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі өкілдерінің, барлық деңгейдегі әкімдердің, облыстың әрбір ауылдық округіне бекітілген басшы-кураторлардың қатысуымен өткен семинар-кеңесте шағын және орта бизнесті тиімді қолдау және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мәселелері талқыланды.

Айта кетейік, 2013 жылдан бастап «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге 3 млн. теңгеге дейін қайтарымсыз гранттар берілуде. Осы кезге дейін 383 кәсіпкер қайтарымсыз 400 млн. теңге грант қаражатын алды. Биылғы жылы өңдеуші өнеркәсіп саласын дамыту мақсатында Үкіметпен «Қарапайым заттардың экономикасы» жаңа бағдарламасы іске асырылып, 600 млрд. теңге көлемінде қаражат қарастырылды. Қала және аудан әкімдеріне «Даму» қорымен бірлесіп, жыл соңына дейін бағдарлама шеңберінде кем дегенде 14 млрд. теңгеге: әр аудан 1 млрд. теңгеден, Қызылорда қаласы 7 млрд. теңгеге жоба қарастыру тапсырылды.

Семинарда ҚР Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау департаментінің басшысы Абзал Әбдікәрімов және  қаржы институттарының өкілдері сөз сөйледі. Олар кәсіпкерлерге бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары жайлы баяндады.

Естеріңізге салайық, 2018-2020 жылдар аймақта жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үш жылдығы ретінде жарияланды. Бұл бірден үш маңызды мәселені шешуге мүмкіндік береді: салық базасын ұлғайту, жаңа жұмыс орындарын құру және өңірдегі қоғамдық-саяси жағдайды жақсарту.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2126
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2535
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2271
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1642