Жұма, 17 Мамыр 2024
46 - сөз 4204 6 пікір 24 Мамыр, 2019 сағат 13:17

Кедендік салықтар мен қосымша құн салығын төмендетіңіздер!

10 жыл бұрын "Жайдарманда" - "Опель Германияда туып, Шымкентте өледі",-деген әзіл болатын. Сөйтсеем ол бір керемет заман екен ғой. Қазір "ВАЗ Ресейде туып, Қазақстанда өледі",-деп жылауға шақ болып жүрмін...

Статистика бойынша 2015 жылы девальвация болғанға дейін Қазақстанда 162 мың көлік салоннан сатылған. 2018 жылы олардың саны небәрі 31 мың ғана болыпты. Біздің заң шығарушылардың түсінігінше, 10 жылдан асқан көлік, ескі көлік болып есептеледі. Сонда қазақстандықтардың 63 % ескі - құсқымен күн көріп жүр екен. Ең ескі көліктер мінуден алғашқы үштікті - Жамбыл, Алматы, Түркістан облыстары иемденіп тұр.

"Жаңа" деп ауыз толтырып айтқанның басым бөлігі Ресей мен Өзбекстан көліктері. Олардың сапасы мен қауіпсіздігі жайлы Euro NCAP нормаларында 2 балл да жинай алмайтынын көбіңіз білесіздер. Мәселен, Ресейдің соңғы технологиясымен шыққан Lada Vesta ға дилерлер карозияға қарсы 6-ақ жыл кепілдік береді. 6-ақ жыл! Бұл деген екінші қожайынға шірік машина барады деген сөз.1989 жылы шыққан Mercedes пен BMW өз көліктеріне - 30 жылға кепілдік берген! Міне сапа!

Біздің аса құрметті министрлер мен депутаттар жас кездерінде асық ойнаудан үнемі жеңіліп, пайда дегенді ұмытып қалған сияқты. Мысалға, өзбектер өз көліктерін ҚР аумағында еркін сатса, біздікін елдеріне кіргізбейді. Баланс қайда? Қазақстан ДСҰ 2015 жылы қабылданды. Практика бойынша бұл ұйымға мүше болған соң тұтыну тауарлары арзандауға тиіс болатын. Бірақ, бізде керісінше. Бұл ұйымға мүше елдерде басқа елден көлік әкелу дәл біздегідей қымбат емес шығар. Әкелсең Еуро-4 стандартты көлік әкелу керек. Заңдағы талап сұмдық енді. Дыбыс басқышта СО2 шығуын анықтайтын чип болу керек т.б. Құдай-ау, Қазақстанның 200 ауданының, 190-да таза Аи-92 жоқ қой! Сосын, Ресей көліктерінде сол чип бар ма екен? Мен білетін бір-екі жігіт Евро-5 стандартты көліктерінің "палеці" ұрған соң, газға өтіп кетті.

Мені түңілдірген тағы бір нәрсе болды. Көптеген елдер элетромобиль аламын деген жанды салықтан босатып, жеңілдетілген кредит беріп қолдауда. Ондағы ойлары СО2-ден табиғат пен адамдарын қорғау. Бізге қарасаң тағы да сол кері кету. Электромобильдерге салықтан еш жеңілдік қарастырмаған. Себебін мен білемін. Өйткені Ресей "Tesla" санатты электромобиль шығармайды. Қысқасы көкелер халықты ұмытып кетті. Салондағы көлік удай. Сондықтан көптеген қазақстандықтарға "ескі көлікпен әлі қанша жүруім керек?",-деген ой маза бермеуде.

Өзімізді отандық көлікпен қамтамасыз ете алмасаңыздар, құдай үшін кедендік салықтар мен қосымша құн салығын төмендетіңіздерші. "Экология, халық денсаулығы",- деп алаңдамай-ақ қойыңыздар. Радиация қабылдап, Арал тұзын жұтып жүрген халыққа СО2 деген қауіп ба екен тәйірі...

Армения мен Қырғыстандағы көлік сыныптары мен бағаларын қарап жатып келген түнгі ой ғой...

Жәнібек Елшібаевтың facebook парақшасынан

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2103
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2517
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2206
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1624