Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жағымды жаңалық 5148 15 пікір 22 Мамыр, 2019 сағат 11:51

Тоқаев: Жер шетелдіктерге сатылмайды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысында ауыл шаруашылығы мамандарымен өткен кездесуде жердің шетелдіктерге сатылмайтынын айтты. 

«Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл менің Президент ретіндегі берік ұстанымым!», - деді мемлекет басшысы. Бұл туралы ел Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

Бәрміз білетіндей, 2016 жылы елімізде үлкен жер дауы орын алды. Көпшілік жердің шетелдіктерге сатылмауын, жалға берілмеуін ашық талап етті. Cол жылдың 24 сәуірінде Атырау қаласында басталған наразылық акциялары еліміздің өзге өңірлерінде де жалғасып, мамыр айының басында ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев жер кодексіндегі резонанс тудырған заң баптарына мораторий жариялаған еді.

Ал жер реформасын халықпен бірге талқылау үшін үкімет жанынан құрылған арнайы комиссия аталған мораторийдің мерзімін 2021 жылдың соңында дейін ұзартуды ұсынды. Осы ұсынысқа сай Президент Назарбаев 19 тамызда шетелдіктерге жерді жалға беру туралы заңға 2021 жылға дейін мораторий жариялады.

Жерді шетелдіктерге жалға беру туралы заңға мораторий жарияланғанымен, көпшіліктің көңілінен күдік кетпеген болатын. Бес жылдық мораторий мерзімі аяқталған соң қандай шешім шығады деген алаңдаушылық әркімнің ойында жүрді. Енді сол уайымның бұлтын Қасым-Жомарт Тоқаев сәл де болса сейілткендей болды. Президент ретіндегі берік ұстанымы жерді шетелдіктерге сатпау екенін ашық айқтан Тоқаев халықтың қалауы не екенін дөп басқан секілді.

Мемлекет басышысының мұндай пікір айтуы жер мәселесінің оң бағытта шешілетінін білдірсе керек. Егер маусым айында өтетін президенттік сайлауда жеңіске жетсе, Қасым-Жомарт Тоқаев осы ұстанымына сай жер мәселесін түбегейлі шешеді деген сенімдеміз.

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 324
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 162
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 168
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 166