Сенбі, 4 Мамыр 2024
Бір сауал 4676 6 пікір 21 Мамыр, 2019 сағат 14:33

Қазақтың сауатын ресейліктер тексере ме?

Шығыстың тұрғындары өз сауаттылықтарын Ресей ұйымдастырған жаппай диктант арқылы тексерді. Диктанқа қатысқан Өскемен мен Риддер қаласының тұрғындары орыс жазушыларының шығармаларынан үзінді жазатын көрінеді. Бұл туралы аймақтық Altainews сайты жазды.

Сауаттылықты “анықтайтын” бұл науқан әлемдік жаппай диктант деп аталады екен. Биыл бұл сынаққа орыстың Павел Басинский деген жазушысының шығармасы таңдалыпты. Ал, ұйымдастырушылардың сөзіне сенсек, сынаққа жалпы 81 мемлекеттен адамдар қатысқан көрінеді.

Оның ішінде Қазақстанның 16 қаласы бар. Біз сөз етіп отырған Шығыс Қазақстанның Өскемен мен Риддер қалаларынан 9 бен 78 жас аралығындағы 174 адам сауаттылық деңгейін тексерген.

Бұл науқанды ұйымдастырған “Тотальный диктант” деп аталатын ұйым екен.

Алайда, ұйымдастырушыларының айтуынша, бұл диктанттың мақсаты шын мықтыны анықтау емес. Жай ғана, өз сауаттарын тексеріп көрсе деген “игі мақсат”. Және, адамдардың сауатты жазуға деген құлшынысын арттыру екен. Ал, ұйым мүшесі Ольга Ребковецтің сөзінше, Шығыс тұрғындарының 30-ы диктантты өте жақсы жазып шыққан көрінеді.

Біріншіден, қазақтың сауатын неге Ресейден келген адам тексеру керек? Оларға мұндай құқықты кім берді?

Екіншіден, бұл диктанттың астарында Ресейдің өз тілін тағы да қазақ санасына тықпалау жатқан жоқ па? Олай болмаса, неге бұл сынаққа еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін қатысу керек?

Үшіншіден, бұл диктанқа таңдалатын шығармалар қандай критерийлер бойынша таңдалады?

Өткен тарихымызда дәл осы Ресейдің шолақ белсенділері ұйымдастырған сауатсыздықты жою деген жалаң идеология жүргені белгілі. Яғни, олар орыс тілін білмейтін және жаза алмайтын қазақтың бәрін сауатсыз, надан санады. Және біздің санамызға қазақ малдан басқа ештеңе көрмеген, білмеген жабайы халық, оларға мәдениетті үйреткен біз деген жалған идеологиясын сіңірді. Бірақ, өздері біздің бай тарихымыз бен мәдениетімізді қолдан тұншықтырып отырды. Ал, Ресей тарихының күлін көкке ұшырған Олжас Сүлейменовтың “АЗиЯ” кітабын дүкен сөрелерінен жаппай алғызып, өртеуге дейін барды. Сөйтіп, Олжастың өзіне қастандық жасауға тырысты.

Қорыта айтқанда, қазақтың сауатын Ресейліктер тексерді деген аса абырой емес. Тіпті, өркениетке ұмтыламыз десек, мұндай әрекет ұят. Сондықтан, бүгінгідей үлкен мүмкіндіктер кезеңінде, кері кетіп бара жатқан елге емес, ғылымы мен білімі дамыған өркениетті елдерге қарап бой түзесек, жөн болар.

Нұрбике Бексұлтанқызы

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1030
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 904
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 679
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 759