Сәрсенбі, 22 Мамыр 2024
Сайлау 4278 15 пікір 20 Мамыр, 2019 сағат 16:21

Қоғам сайлауға белсенді араласуда

Президент сайлауының ерекшелігі мен сапалық өзгешелігі жөнінде бірер сөз...

Сайлау науқаны көптеген жылдардан кейін плюрализм және пікірлер сан-алуандылығы жағдайында өтіп жатыр. Сайлау процессіне қоғамдық ой-сананың барлық палитрасы қатысуда. Яғни, еліміздегі бүкіл саяси көзқарастар сайлау процесінің біртұтас организмі болып тұр. Бұл бұрын болмаған құбылыс және жаңа қоғамдық жағдай.

Еліміздің саяси менеджментінің жаңа әдіс-тәсілдерінің нәтижесінде балама көзқарас қалыптасқан, саяси сайысты және еліміздің бүгінгісі мен болашағы жөніндегі ашық әңгіме пікір алмасуы үшін барлық жағдай жасалып отыр.

Әлеуметтік желілер сайлау процессі, әр-түрлі саяси платформалар жөнінде азаматтардың өз позициясын ашық жеткізу алаңына айналып отыр. Азаматтар еліміздегі саяси процесстер жөнінде пікір сайыс жасай отырып, өз талап-тілегін жеткізу өнерін жаңадан игеріп жатыр

Саяси процесті сараптама жасау, белгілі бір қоғамдық мәселеге әр-алуан пікір, басқаша көзқарас қоғамдық болмыстың жаңа тренді болып отыр.

Сайлау барысында «келіспейтіндердің» дауысы да айқын шығуда. Бірақ, олардың дауысын басып жатқан ешқандай күш жоқ. Олар әлеуметтік желі, әр-түрлі бейресми алаңдар арқылы өзінің ойын ашық жеткізуге мүмкіндік алып отыр.

Адамдар сайлау науқанының мән-мазмұнына жауапты және парасатты көзқараспен қарап, еліміздің даму бағытын өзгерту үшін әр-бір дауыстың маңызды екендігін, яғни, ертең мемлекеттің бет-әлпеті қандай болады, саяси жүйені қай бағытқа өзгерту қажет деген сұрақтарға осы сайлау науқанының тікелей әсер ететіндігін түсіне бастағандай.

Азаматтардың басым көпшілігі дауыс беру арқылы мемлекетті басқару Конституциялық құқын пайдалану мақсатында, сайлау процессіне белсенді қатысуда.

Сайлау науқаны қоғамдық көзқарастың мәйегіне айналып, азаматтар асханада, базарда, таксиде осы мәселені жан-жақты талқылай бастады. Дәл осындай қызу талқыланған ұлттық дәрежедегі сайлау көптен бері болмаған.

Ол кездері қоғамда барлық мәселе алдын-ала шешіліп қойған, халықтың дауысы маңызды емес деген пікір басым болған еді.

Осы трендттердің баршасы қоғамның оптимизмін туғызып отыр, біздің демократия жолымен келе жатқанымызды, саяси жүйенің табиғи эволюция жолымен дамып келе жатқандығын көрсетсе керек.

Ерлан Саиров,
саясаттанушы

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2248
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2603
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2579
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1689