Сенбі, 4 Мамыр 2024
Анық-қанығы 8225 43 пікір 8 Мамыр, 2019 сағат 17:06

Кеңестер Одағы – Екінші дүниежүзілік соғысты бастаған агрессор ел

Биыл екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 74 жыл болады. Шын мәнінде бұл соғыстың өртіне шарпылмаған бір де бір қазақ отбасы жоқ. Қаншама бейбіт халықты қынадай қырған осы дүрбелеңнің шын мәніндегі ақиқаты қандай? Неге біздің алдыңғы буын әлі күнге “Ұлы Жеңіс” күні, “Ұлы Отан” соғысы деген кеңестік психологиядан арыла алмай келеді? Ал, Мұстафа Шоқайды әлі күнге сатқын дейтін кейбір тарихшылармен БАҚ өкілдеріне не айтамыз?

Қазақстан Ұлттық телеарнасында Дархан Әбдік жүргізетін  “Парасат майданы” атты бағдарлама бар. 2018 жылдың 9-маусымында сол бағдарламаның “Дюнкерк” деп аталатын саны эфирге шықты. Бағдарламада екінші дүниежүзілік соғысқа қатысты тың деректер келтірілді. Яғни, шын мәнінде сол қырғынды Кеңес Одағы  мен Германия бірігіп бастағаны туралы айтылды.

Дюнкерк – Францияның солтүстігінде орналасқан қала. 1940 жылы сол жерде Динамо операциясы аяқталады. Британ әскерін неміс қоршауынан құтқарған бұл операция екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесіне көп әсер етті. Бұл кезде Совет Үкіметі Гитлердің одақтасы. Ал, 1939 жылы Германия мен Совет Үкіметі Польшаны бөліп алды. Оның алдында Кеңес Үкіметі мүлдем кіп-кішкентай, бейбіт Финляндияға бас салды. Корел мойнағын тартып аламыз деп. Демек, Кеңес Одағы өзі осы соғысты бастаған агрессор болған. Кейін екі агрессор, екі текенің басы бір қазанға сыймай қалды да, ортасындағы құрбан басқа халықтар болды, - деді Дархан Төленұлы.

Шынымен, осы уақытқа дейін бізде сол соғысқа деген обьективті көзқарас болмағаны рас. Ол үшін обьективті тарих болу керек еді. Алайда, “бүгінгі біздің білетініміз идеологиялық тарих” деген ой айтылды.

Тіпті, біздің кеңес кезіндегі кейбір әдеби шығармалардың өзі неміс халқын оңбаған жауыз ретінде көрсетіп келді. Және, соғыс туралы фильмдер де сол ойды қайталады. Алайда, бұл соғыс – коммунизм мен фашизмнің ортақ қылмысы болған деседі. Және, неміс әскерлері мен халқы да дәл кеңес одағының халқы секілді – құрбан. Ал, Кеңес Үкіметі Польшаны бөліп алу кезінде 22 мың поляк офицерін атып тастағаны туралы білмейтініміз рас.

Қысқасы, екінші дүниежүзілік соғыстың тарих қатпарында жатқан әлі күнге беймәлім кейбір тұстарын қамтыған “Парасат майданы” бағдарламасының осы санын көруді ұсынамыз.

Ал, бүгінгі тәуелсіз кезеңге бұл соғыс туралы ешкімнің сойылын соқпайтын обьективті көзқарас қалыптасуы керек.

Нұрбике Бексұлтанқызы

Abai.kz

43 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1152
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1054
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 787
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 912