Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
5123 18 пікір 6 Мамыр, 2019 сағат 11:09

Өзбекстан зиялы қауымы орыс тіліне ресми мәртебе беруді сұрайды

Өзбекстанның 20 шақты орыстілді зиялы қауымы Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың осы елге сапары алдында орыс тіліне ресми мәртебе беруді сұрады.

Өзбекстанның танымал әртістері, белгілі суретшілері мен кинематографистері бар топтың ашық хаты интернет басылымдарда жарияланды.

Ондағы мәліметке қарағанда, орыс тіліне ресми мәртебе беру ұсынысы Ресейдің «Россотрудничество» агенттігінің қаржылық қолдауы бойынша өткен Ташкенттегі орыс мәдени орталығының 25 жылдығына арналған шарада талқыланған.

Көптеген жылдар бойы Өзбекстан президентінің баспасөз хатшысы болып істеген белгілі жазушы Мурод Мухаммад Дуст орыс тіліне ресми тіл мәртебесін беру ұсынысы «жоғары жақтан» шыққан болуы мүмкін деген болжамын айтады. Ал картиналары әлемдік көрмеде қойылатын өзбек суретшісі Вячеслав Ахунов жоғарыдағы зиялық қауым өкілдерін «отаршылдық сананың адамдары» деп атады.

Өзбек ССР-нің Жоғарғы кеңесі өзбек тіліне мемлекеттік тіл мәртебесін беру туралы заңды ​1989 жылдың 21 қазанында қабылдаған.

Abai.kz

18 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1827
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1848
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1553
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1433