Жексенбі, 28 Сәуір 2024
4605 6 пікір 1 Мамыр, 2019 сағат 10:23

Зеленский ресми түрде Украина президенті деп жарияланды

Украинаның орталық сайлау комиссиясы сейсенбі күні президент сайлауының екінші турының нәтижелерін бекітті. Киевтегі комиссия отырысында Владимир Зеленский сайлауда жеңіске жетті деп жарияланды.

Хаттамаға президенттікке үміткерлер қол қойып, сайлау нәтижесіне күмән келтірмейтіндерін білдірді.

Зеленский екінші турда 73 пайыздан астам дауысқа ие болды, ал оның қарсыласы Пётр Порошенко 24 пайыз дауыс жинады. Львов облысын қоспағанда, Порошенконың қарсыласы Украинаның барлық аймақтарында жеңіске жетті. Порошенко шетелдегі азаматтардың көп дауысына ие болды. Ресейде дауыс беру жүргізілмеді.

Владимир Зеленский 41 жаста. Ол актёр, шоумен және продюсер, "Квартал-95" студиясының жетекшісі, сайлауға түскенге дейін саясатқа араласпаған, мемлекеттік қызметте болмаған.

Оның қарсыласы болған Пётр Порошенко елді 2014 жылдан бері басқарып келді.

Abai.kz

6 пікір