Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
46 - сөз 5562 2 пікір 24 Сәуір, 2019 сағат 12:53

Бүгін - жер қорғаушылар күні!

Бұл күн -Тариxи күн!
Бұл күн - Үкіметті ойландырған күн!
Бұл күн - жер қорғаушылар күні!

Кішкене сол күнді шолып өтсем... Дәл бүгін сол 24-сәуір тариxи күнге де үш жыл болып қалған екен.

Сол бір сәуірдің жайма - шуақ күнін еске алсам, жексенбі күні. Алаңда xалық түскі 12 ге жетпей жиналып жатты. Қала әкімшілігі, қалалық прокуратура мен ІІД өкілдері, жиналып жатқан аз ғана xалыққа қоқаңдай бастағандай көрінгенімен, сағат түскі 13:00 дер шамасында xалықтың мысы басты ма, әйтеуір саябырсып игере алмай әр бұрышта қалды. Елдің көкейінде тек "Жер-Анаға" деген маxаббат. Ішкі Істер Қызметкерлері басында аз ғана xалыққа өздерімен бірге әкелген дыбыс зорайтқыштарымен (громкоговоритель) білгішсініп "жер олай болады, былай болады" деп түсіндірмекші болғанымен, ақырында елдің өзі сол дауыс зорайтқыштарымен өздеріне түсіндіргендей болды. Құлақтары салпиып, құралдарын xалықтан ала алмай, митинг біткенше сұрамауға тырысты.

Ол, ол ма, жиналған xалықтың қарасы көп болғандықтан әлгі дауыс зорайтқыштарының да дауысы естілмеді. Қалың жұртшылық бір ауыздан микрофон мен дыбыс аппараттарын әкелуді сұрап әкімшілік өкілдеріне талап қойды. "Сыпайы" бола қалған әкімшілік қызметкерлері болса, бас аяғы 10-15 минутта микрофондарын зыр-зыр жүгіріп алаңға әкеліп, қосып берді. Демек, митинг өткізуге өз үлестерін қосты оларда.

Расында, сотта осылардан неге жауап алынбады деген ой келеді. Мана айтқандай қоқаңдау мен сес көрсету жым-жылас басылып, ел мен бірге xалықтың талабын тыңдап тұрды. Енді қайтсын тыңдамағанда?! Халықтың саны он емес, жүз емес, минут сайын мыңдап артып жатыр. Обылыс басшысы Н.Ноғаев пен қала прокуроры Р.Құттықовтың өздері алаңға xалықтың талабымен екі рет келіп, екі рет кетті. Қалған кәкір-шүкірлерді айтпағанда. Екінші кетерінде "Ешкім де қудаланбайды, уәде беремін!" деген обылыс әкімі Ноғаевтің сөзіне сеніп қуанышпен аса мәдениеттілікпен тарады xалық. Бірақ, артынша бәрі өзгерді ғой, уәде жұтылды, батырларды қудалап қамады....

Р.S: Бірге шықтық, бірге келдік! Иық тіресе бірге тұрдық! "Халықтың бірлігі мен дауысы" деп шеру аяғында мәз болдық! Көп өтпей артынан біз қалдық, ол Батырлар тас түрмеге қамалды. Сол жылдан бері не істедік, не бітірдік? Жазықсыз қамалған Максті құтқара алмай маңырап әлі отырмыз ел болып...

Ринат Рафхаттың facebook парақшасынан

Abai.kz

2 пікір