Жексенбі, 28 Сәуір 2024
3889 11 пікір 23 Сәуір, 2019 сағат 15:34

Саиров: "Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлттық компромистің тұлғасы деуге негіз бар"

«Nur Otan» партиясының мүшелері кандидатурасын бірауыздан қолдап, дауыс берген Қасым-Жомарт Тоқаев - ұлттық компромисс пен әлеуметтік үміттің тұлғасы деп айтуға барлық негіз бар. Саясаттанушы Ерлан Саиров осындай пікір білдірді.

«Бұл - менің ойымша бүгінгі таңда өте дұрыс шешім. Қасым-Жомарт Кемелұлы халықаралық деңгейде, сонымен бірге Қазақстанның халқына беделді тұлға. Өздеріңіз білетіндей, Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары болып еңбек еткен. БҰҰ - дүниежүзіндегі экономикалық, гуманитарлық және әлеуметтік мәселелерді шешетін үлкен ұйым. Сонымен бірге, ол елімізде Премьер-Министр болып еңбек етті. Үкімет басшысы болып тұрған кезінде бүгінгі таңдағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары осы кісінің тұсында айқындалды. Сондықтан, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық қазіргі жағдайында бұл тұлға ұлттық компромисс пен әлеуметтік үміттің фигурасы деп айтуға барлық негіз бар», - дейді Ерлан Саиров.

Еске сала кетсек, «Nur Otan» партиясының делегаттары бүгінгі кезектен тыс съезде Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасына дауыс беріп, бірауыздан қолдаған болатын.

Өз кезегінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы президенттік сайлауға кандидат ретінде қатысатынын мәлім етті.

Abai.kz

11 пікір