Жексенбі, 12 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2686 0 пікір 6 Маусым, 2011 сағат 07:53

Астана күніне дайындық жұмыстар басталып кетті

АСТАНА. 6 маусым. ҚазАқпарат /Гүлмиар Әлиакпарова/ -  Астана күніне дейін бір ай уақыт қалды. Бірақ бұл айтулы мерекеге дайындықтар қазірден қызу жүріп жатыр.

Астананың мерекелік іс-шараларының ресми сайтында хабарланғандай, қала күніне арналған мерекелік бағдарлама жылдағыдай ауқымды болады. Жобалардың жетекшілері оларға дайындық барысын бүгіннен бақылауға алды. Мәселен, жуырда «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық кешенінің маңында «Астана төңірегіндегі мыңжылдықтар» көшпенділер өркениеті фестиваліне арналған сахна мен декорацияларды құру басталды. Оның құрылысына қазір елуге жуық адам жұмылдырылды. Ұйымдастырушылардың жоспары бойынша 3000 шаршы метр кеңістік этноқалашыққа айналатын болады.

Алаңқай құрылысы 27 маусым күні толық аяқталады деп күтілуде. Сол сәттен бастап онда қазірдің өзінде өз нөмірлерін қайта-қайта пысықтап жүрген шығармашылық ұжымдардың қорытынды дайындықтары басталады.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1941
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2146
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1778
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1533