Сенбі, 11 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2569 0 пікір 6 Маусым, 2011 сағат 07:51

Батыс Қазақстан облысында Мемлекеттік рәміздер күні кеңінен тойланды

ОРАЛ. 6 маусым. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында 4 маусым күні Мемлекеттік рәміздер күні кеңінен тойланды.

Орал қаласында Сырым Датұлы алаңында мерекелік шаралар ұйымдастырылса, шалғайдағы Жәнібек ауданында шекара заставасында болды. Аудан активі мен аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздарын Жәнібектегі 2036-әскери бөлімінің шекарашылары ел туын көтеріп, әнұранын шырқап, салтанатпен қарсы алды. Әскери бөлім командирінің міндетін атқарушы Сүйіндік Әбдірахманов заставаның акт залына жиналған аудан активі мен шекарашыларға мемлекеттік рәміздердің маңызы мен мәні жөнінде жан-жақты баяндап берді. Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары қалың көпшілікке арнап Отан, туған жер тақырыбындағы ән шырқап, күй төксе, аудандық «Балдәурен» балабақшасының бүлдіршіндері «Сарбаздар» биін биледі. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы аясында өткен шарада сондай-ақ бір-бірінен ажыратып алғысыз егіз ұғым - Елбасы мен Астанаға арналған әндер шырқалып, өлеңдер оқылды.

Салтанатты шара соңында «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жақсылық Абдолов ел тыныштығы мен ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған шекарашыларды айтулы мерекемен құттықтаса, әскери бөлім әкімшілігі бірлескен шараны ұйымдастырушыларға алғыс хат пен сыйлық тапсырды.

ҚР мемлекеттік рәміздері күні кешкісін аудандық мәдениет және демалыс саябағында аудандық ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Жанар Қошанова мерекеге байланысты жиналған жұртшылық алдында сөз сөйледі. Кеш аудан көркемөнерпаздарының концертіне ұласты.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1926
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2075
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1725
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1523