Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Талқы 4404 8 пікір 11 Сәуір, 2019 сағат 14:46

Косарев: Тәуліктік пәтерлерді қайдағы жоқ қаңғыбастар пайдаланады

Мәжілісте Владислав Косарев дейтін депутат бар. Сол кісі кеше пәтерді бір тәулікке жалға беретіндерге заң бойынша тыйым салуды ұсынды. Депутат ондай жалдамалы пәтерлерді (тәуліктік) қайдағы жоқ қаңғыбастар (всякого рода проходимцы) ғана пайдаланады депті. Tengrinews.kz сайты солай деп жазды. 

"Менің ойымша, тәулігіне жалға берілетін пәтерлерге заң бойынша тыйым салу керек. Өйткені, пәтерлер қайдағы жоқ қаңғыбастардың әдепсіз әрекеті үшін емес, тұрғын үй ретінде пайдаланылуы керек" дейді депутат Косарев.

Депутат бұл ұсынысты Мәжілістегі ТКШ (тұрғын үй кешені шаруашылығы) туралы заң жобасын талқылау барысында айтты. Осы талқылаудан кейін-ақ,, бұл заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Депутат Косарев тұрғын үй кешендерінде орналасқан хостелдерді де тілге тиек еткен.

"Бұндай қонақжайлар тәулігіне жалға беріледі. Осы заң жобасы арқылы бір бұл мәселені бақылауда ұстаудың жайын қарастырдық. Алайда мәселені толық шешкен жоқпыз. Біз айтып отырған "хостел" сөзі басқаша да аталуы мүмкін. Ол хостелдердің қожайындары қарап отырмайды. Өзге атау ойлап тауып алады" депті және.

Коммунист депутаттың бұл дегендеріне Индустрия және инфрақұрылым министрі Роман Скляр мырза жауап беріп, бұл Заңға томпақ келетін ұсыныс екенін, егер азаматтардың өз меншігін пайдалануға шектеу қойылатын болса, ол азаматтардың құқығын бұзған болып табылатынын айтыпты.

"Қоғамдық тәртіпті бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Ол заңда қарастырылған. Мысалы, түнгі уақытта, 23:00 мен 06:00 аралығында қатты шуласа, заңды және жеке тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартуға болады" дейді министр.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2146
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2551
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2364
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661