Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2988 0 пікір 3 Маусым, 2011 сағат 12:28

Алматылықтар тазалық акциясын өткізеді

АЛМАТЫ. 3 маусым. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Ертең Медеу ауданының әкімшілігі Бутаковка өзені бойында тазалық акциясын өткізеді. Сенбілікке өз қаласының экологиясына бей-жай қарамайтын барлық алматылықтар үлес қоса алды.

Қатысуға ниет білдіргендер Пушкин-Қарасай батыр көшелерінің қиылысындағы Медеу аудандық әкімшілігі ғимараты алдына таңғы 8.00-де жиналуы қажет. Тазалық шарасына аудан әкімі Сұлтанбек Мәкежанов, аудандық әкімшілік қызметкерлері мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысады.

Сенбілік барысында Бутаковка шатқалы мен өзені бойы қоқыстан арылып, тазаланады.

0 пікір