Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2992 0 пікір 3 Маусым, 2011 сағат 12:27

Қазақстан АҚТҚ/ЖҚТБ індеттерімен күресуде айтулы жетістіктерге қол жеткізіп отыр - ЮНЕЙДС ұйымының аймақтық директоры

МӘСКЕУ.   3 маусым.  ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/  -   Қазақстанның   АҚТҚ/ЖҚТБ  жағдайларының алдын  алу  және   емдеу   жөніндегі  күш-жігерін    жоғары бағалауға  болады.

Бұл туралы бүгін Мәскеуде  шетелдік  журналистермен   болған  кездесуде    БҰҰ-ның  Еуропа және  Орталық  Азия елдері   үшін АҚТҚ/ЖҚТБ  жөніндегі   бірлескен   бағдарламасының (ЮНЕЙДС)   аймақтық  директоры Денис Брун мәлім етті.

ЮНЕЙДС өкілінің  айтуынша, бүгінде әлемде  АҚТҚ инфекциясымен   өмір сүріп  жатқан  адамдардың саны 33 миллионды  құрайды,  оның  6  миллионнан  астамы  АРВ-терапиясын    қабылдауда.   Шығыс Еуропа және   Орталық  Азия   аймақтарында  инфекция  жұқтырған 1,4 миллион  адам тұрып жатыр.

«АҚТҚ/ЖҚТБ оқиғаларының алдын  алу және  емдеу жөніндегі  Қазақстанның    күш-жігерін, жалпы алғанда,     жоғары  бағалауға  болады - жақсы нәтижелер  баршылық.    Індеттің  алдын алу    жөніндегі бағдарламалардың     нәтижесі,  аймақтың басқа елдеріне  қарағанда,   нәтижелірек.  Ем-домға қолжетімділік  -   жалпыға  бірдей.     Инъекциялық   нашақорлармен   жұмыс  бағдарламасы да    жақсы  жұмыс істеп жатыр,   орынбасушылық  терапия  да  тиімді  қолданылуда.  Барлық бағдарламалар кеңейтілуде», - деді  Д.Брун.

0 пікір