Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 6803 0 пікір 3 Маусым, 2011 сағат 08:36

Мен қазақпын! Биікпін, байтақ елмін!

4-нші маусым мемлекеттік рәміздер күні.

Мемлекеттік ту, елтаңба, әнұран - Алаштың аңсаған азаттығының мәңгі өлмес айшықты бейнелері. Әмәнда біртұтас мемлекетіміздің ең аяулы да, қастерлі, көзіміздің қарашығындай қорғайтын қасиетті белгілері. Көк Тәңірі жар болып, көк туымыз алқара көк аспанда асқақтай берсін! Елтаңбамыз елдімігіміз бен ерлігіміздің, көне тарихымыз бен бақуатты болашағымыздың мызғымас символына айналсын! Аспан мен жердің арасы Алаш баласы рухтана айтатын әнұранымызға тұнсын!

Жасасын, Алаш, Жасасын!

«Абай-ақпарат»

 

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы

4-нші маусым мемлекеттік рәміздер күні.

Мемлекеттік ту, елтаңба, әнұран - Алаштың аңсаған азаттығының мәңгі өлмес айшықты бейнелері. Әмәнда біртұтас мемлекетіміздің ең аяулы да, қастерлі, көзіміздің қарашығындай қорғайтын қасиетті белгілері. Көк Тәңірі жар болып, көк туымыз алқара көк аспанда асқақтай берсін! Елтаңбамыз елдімігіміз бен ерлігіміздің, көне тарихымыз бен бақуатты болашағымыздың мызғымас символына айналсын! Аспан мен жердің арасы Алаш баласы рухтана айтатын әнұранымызға тұнсын!

Жасасын, Алаш, Жасасын!

«Абай-ақпарат»

 

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы

Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк елтаңбасы - Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. ҚР Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеттік елтаңбасының негiзi - шаңырақ. Ол - елтаңбаңның жүрегi. Шаңырақ - мемлекеттiң түп-негiзi - отбасының бейнесi. Шаңырақ - Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, шаңырақ - киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар - дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар - қазақтың мифологиясы мен ауыз әдебиетінде кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Пырақ - Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Мемлекеттің түп қазық иесі Қазақ халқы мен өзге де этностардың өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. ҚР мемлекеттік елтаңбасының авторлары - Ж.Мәлiбеков пен Ш.Уәлиханов.

 

 

Қазақстан Республикасының  мемлекеттiк туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы" конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста - ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек - алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы - суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақ халқының ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (елтаңбатану) тiлiнде - көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде "көк" сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотик тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақ халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн - қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн - уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс - бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны

 

әні: Шәмші Қалдаяқов

сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

 

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы,

Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,

Даңқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой!

 

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің - Қазақстаным!

 

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досындай.

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!

 

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің - Қазақстаным!

«Абай-ақпарат»

"Астана" велокомандасы Италияда өзінің жеңісін тойлау сәтіндегі видео. Еуропаның көгінде көк туымыз желіберіп, әнұранымыз асқақтап тұр.



;hl=ru_RU" />;hl=ru_RU" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" width="640" height="390">

0 пікір