Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2760 0 пікір 2 Маусым, 2011 сағат 05:39

Қытайға жөнелтілмек болған 680 келі «қара металл сынықтарын» қолды еткен ұры анықталды

АСТАНА. 2 маусым. ҚазАқпарат - «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-дан 680 келі «қара металл сынықтарын» ұрлау фактісі бойынша күдікті анықталды.

Бұл туралы ҚР ІІМ-нің Көліктегі Ішкі істер департаментінен хабарлады.

1 мамыр күні ҚР ІІМ Көдіктегі ІІД-нің Достық стансасындағы желілік ішкі істер бөліміне «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-дан хабарласып, № 60331840 жүк пойызынан Қытайға жөнелту үшін дайындалған 680 келі «қара металл сынықтары» ұрланғанын айтқан.

Шұғыл-іздестіру жұмыстары барысында көліктегі полиция қызметкерлері  тұрғылықты жерінен Шығыс Қазақстан облысының ешбір жерде жұмыс істемейтін 21 жастағы тұрғынын қолға түсірді. Одан қылмыстың заттай айғақтары табылды.

Полиция тексеру жұмыстарын жүргізуде.

0 пікір