Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2810 0 пікір 2 Маусым, 2011 сағат 05:37

Парламент Кеден одағының аумағындағы техникалық реттеудің бірыңғай қағидаттары туралы келісімді қабылдады

АСТАНА. 2 маусым. ҚазАқпарат  /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Беларусь Республикасындағы, Қазақстан Респпубликасындағы  және Ресей Федерациясындағы техникалық реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңы қабылданды.

Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысатын 3 мемлекет арасындағы техникалық реттеудің бірыңғай қағидаттары туралы келісімге Санкт-Петербор қаласында 2010 жылы 18 қарашада қол қойылды. Келісімнің мақсаты Кеден одағының техникалық регламенттеріне сәйкес Бірыңғай экономикалық кеңістік  аумағында өнімнің еркін айналымы үшін техникалық реттеудің бірыңғай құқықтық негіздерін жасау болып табылады.

Сондай-ақ, келісімде БЕК-тің кедендік аумағына үшінші елдерден өнімнің келіп түсуінің бірыңғай режимін белгілеудің негіздері қаланған. Құжатта айқындалған қағидаттар саудадағы техникалық кедергілер мен Дүниежүзілік сауда ұйымының санитариялық және фитосанитариялық шаралары жөніндегі құжаттармен айқындалған талаптарға негізделеді. Бұл қағидаттар кейіннен БЕК-тің халықаралық қоғамдастықпен жоспарлы түрде ықпалдасуына мүмкіндік береді.

Құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.

0 пікір