Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
46 - сөз 4537 11 пікір 1 Сәуір, 2019 сағат 14:21

Халқының амандығын ойлайтын елдер Ресей өнімдерінен баяғыда бас тартқан

Ресейдің зымырандары, ұшақтары, көліктері, кез-келген басқа техникасы ешбір сапа мен қауіпсіздік талаптарына сай емес темір-терсек екені баршаға аян. Сондықтан есі дұрыс, халқының амандығын ойлайтын елдер "Ресейде жасалған" деген айдары бар өнімнен баяғыда бас тартқан. Тек неге екені белгісіз, Қазақстан емес.

Бұл маңайда бізді әлгі ешкімге керегі жоқ қоқысты сатып алуға, "Лада" атты ешек-арбаны құрастырушы зауыдтарды ашуға жол беріп, оған сіз бен біздің миллиардтарымызды беталбаты жұмсап отырған әлдебір сыртқы жау емес, іштегі өзіміздің шенділеріміз. Ендеше кәдімгі жемқорлық пен ұлттық мүддені сату жәйттері болса өз басым таңғалмаймын.

Айтпағым, күн аманда соншама боздақтан айрылғанымыз жәй кездейсоқтық емес. Бұған әлгі өлім мәшінелерін біздің атымыздан, біздің есебімізден сатып алған шенділер жауап беру керек.

Және бұдан былай өркениетті әлем секілді ресейлік қалған-құтқанды Қазақ еліне әкелуді доғару керек.

Расул Жұмалының facebook парақшасынан

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1540
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1409
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1156
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1163