Жексенбі, 5 Мамыр 2024
46 - сөз 4961 5 пікір 26 Наурыз, 2019 сағат 15:36

Маңғыстаудағы мұнайдың атқылауы - табиғи жағдай

Маңғыстауда атылып жатқан мұнайды жамандыққа жорып жатыр.

Ай, Қазақтар!
Ол жай ғана нефтегазоводапроявление.

Менің негізгі мамандығым - мұнайшы инженер технолог. Мұнайдың осылай атылуы жер астында туындайтын қысымнан (подземное давление) туындайтын табиғи жағдай. Қызылордада көзімізбен көретін едік. Қысым кейде 180 атмосфераға жетеді. Бұл өте жоғары дәрежедегі қысым. Жер астында температура мен жүз мыңдаған тонна жыныстардың салмағын тағы қосыңыз. Мұнай коллекторлары қысым мен температураның ықпалымен кейбір ұңғыманың эксплуатациялық колонналарын және саға жабдығын жарып жібереді. Күшті қысымнан превентор ұстамай қалады. Сонда кейбір ұңғымалар ай бойы атылып, бұрғылау қондырғыларын жер асты жынысымен жауып тастайды.

Ал газдың осылай шыққаны өте қауіпті болады. Өртке ұласса сөндіру тым қиынға соғып, бұрғылау қондырғыларын күл қылады. Техникаларды ол жерде аман алып қалу мүмкін емес. Қысыммен үрленген оттың бойы көкке ұзақ қашықтыққа бой алады. Мұның бәрі табиғи жағдай. Қателікке бой алдырмай, техника қауіпсіздігіне мұқият қарау керек.

Мынау суретте көріп отырсыз ба, превентор газ бен жер астындағы қысымның күшін ұстай алмай, жарылып кеткен. Анау аппақ болып шыққан судың күші қарсы алдындағы адам түгілі кез келген техниканы құстай ұшырады. Жүздеген метрлерге барады биіктігі. Сондықтан қазақтар, ырымға жори бермеңіздер!

Бекболат Қаржанның facebook парақшасынан

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1434
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1275
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1035
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1089