Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2386 0 пікір 26 Мамыр, 2011 сағат 07:27

Нұрлан Геройхан. Құдай төбеден ұрды, Кулагин!

Қаржы полициясының құрығы Қостанай облысын басқарып қарқ болып жүрген Сергей Кулагиннің дәл жанына бір-ақ шықты. Кулагиннің оң қолы - облыс әкімі аппаратының жетекшісі Анатолий Твердохлебов сот шешімімен ірі көлемде пара алған деген күдікпен қамауға алынды.

«Время» газетінің жазуына қарағанда, Қостанайдың шетіндегі ескі ғимаратты халыққа қызмет көрсету орталығы үшін сатып алуға бюджеттің 99,4 миллион теңгесі жомарттықпен жұмсалған. Сөйтіп, қырағы қаржы полициясы бұл не деген батпанқұйрық деп барып, тексеріп кеп жібергенде әлгі ескі үйді өз бағасынан өсіріп, жалған бағалау актісін толтырған екен. Ұрыс та тұрыс жоқ дегендей ғимаратты сатушы - бизнесмен Владимир Ельчищев құрықталған. Бұл істің түбін тінтіп келгенде Кулагиннің қасынан бір-ақ шыққан.

Міне, сенген Сергей әкімнің оң дізесіндегі Анатолийдің айдың-күннің аманында айласын асырып, ақша жымқырып жүрген жүрісі. Құрықталғандар ел білетін қаржы полициясынан құтыла қоймас. Ендігі мәселе Кулагиннің өзіне тіреліп тұрған сияқты. Айдаладағы адам емес, бүкіл аппаратын билеп, төстеп отырған сенген серігінің қазынаның қаражатын қымқырды деген күдікпен кеткені Сергейдің жатса, тұрса ойынан бір кетер ме? Білдей бір облыс әкімі болып отырған оның тағдыры қалай болады? Енді не болар екен? Өз еркімен қызметінен кете ме, жоқ  Ресейге елші болып аттанар ма екен? Әлде Есілдің сол жағалауындағы байырға мекенге қайт деген бұйрықа түсе ме? Мүмкін сүтке тойған мысықтай түк болмағандай отыра берер. Қайтер екен ә?

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1083
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 974
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 717
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 821