Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2579 0 пікір 26 Мамыр, 2011 сағат 06:01

Жарасбай Сүлейменов, депутат. Қазақстан қазақтарды қорғауы тиіс!

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Жарасбай Сүлейменов ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановқа былай деді:

«Бүгін, бәріміз Астанада өз жұмысын бастаған Дүниежүзі қазақтарының IV құрылтайының ашылу салтанатына қатыстық. Оған Түркіменстандағы қазақ диаспорасының жетекшісі Бисенғұл Оңайұлы Бегдесінов те делегат ретінде қатысуға тиіс еді. Алайда ол тұрып жатқан елінен шыға алмады. Анығын айтсақ, шығармады.

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Жарасбай Сүлейменов ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановқа былай деді:

«Бүгін, бәріміз Астанада өз жұмысын бастаған Дүниежүзі қазақтарының IV құрылтайының ашылу салтанатына қатыстық. Оған Түркіменстандағы қазақ диаспорасының жетекшісі Бисенғұл Оңайұлы Бегдесінов те делегат ретінде қатысуға тиіс еді. Алайда ол тұрып жатқан елінен шыға алмады. Анығын айтсақ, шығармады.

Бегдесінов деген кім? Қазақстандық ақпарат құралдарындағы дерек көздеріне сүйенсек, Бегдесінов Түркіменстандағы аз қазақтың жоғын жоқтап, мұңын мұңдап жүрген көзі ашық, көкірегі ояу азамат. Оның қысымға ұшырап, осындай жағдайға душар болуына Түрікменстанда тұрып жатқан қазақтардың мүддесін қорғаудағы белсенді азаматтық ұстанымы себеп болып отырған сияқты. Кезінде Түркіменстанда қазақ мәдени орталығын ашу жөнінде бастама көтеріп, өкінішке орай, тіркеуге келгенде, жергілікті биліктің рұхсатын ала алмаған ол көші-қон мәселесінде тығырыққа тірелген қандастарына қол ұшын беріп, жат жұртта жүріп жиған-тергендерін шашпай-төкпей елге оралуларына көмектеспек болған. Өйткені, қазақтар Түркіменстаннан тарихи Отанына оралу үшін үй-жайын мемлекетке тастап кетуге тиіс. Осының өзі-ақ атажұртқа  қоныс аударуды аңсаған қазақтардың аяғына тұсау болып отыр. Бегдесінов Ресейде тұратын таныстары арқылы ықтияр хаттар жасап, көшуге бел байлаған қазақтардың үйлерін жекешелендіруге көмектескен. Оның бар кінәсі - осы.  Соған қарамастан, Түркіменстанның заң орындары 2011 жылдың 11 сәуірінде Ашхабадта Бисенғұл Оңайұлы Бегдесіновті алаяқтық жасады және пара алды деген айыппен тұтқындады. Ақыры, іс сотқа жетіп, Бисенғұл Бегдесінов өзіне тағылған айыптардың бірі бойынша шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Түркіменстанның Ұлттық қауіпсіздік министрлігі  оны қамаудан босатқанмен, жеке басын куәлендіретін құжаттарынан айырып, елден шығуына тиым салып отыр. Өйткені, соттың шешіміне сәйкес ол мемлекетке өзі жекешелендіруге көмектескен, сөйтіп Түркіменстан қазақтарының меншігіне ауысқан  үйлердің құнын өтеуге тиіс. Осы мәселе шешілгенге дейін ол ешқайда шыға алмайды.

Құрметті Ержан Хозеұлы, осы жағдайға араласып, шетте қысым көріп, қудаланып жатқан Бейсенғұл Оңайұлының араша түсуіңізді, Бисенғұл Бегдесіновтің және отбасының тезірек елге оралуына көмектесуіңізді сұраймын. Бегдесінов - дәл қазір  Түркіменстан азаматы болғанмен, түбі қазақ. Әлемнің түкпір-түкпіріне тарыдай шашыраған қазақтың бір ғана Отаны бар. Ол - Қазақстан. Сондықтан Қазақстан бар қазаққа қамқоршы болуға, бастарына іс түскенде оларды қорғауға тиіс».

Қолдағандар: ҚР Мәжіліс депутаттары: Мұрат Әбенов және Айгүл Соловьева

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1049
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 931
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 692
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 789