Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2632 0 пікір 26 Мамыр, 2011 сағат 04:59

ҚМГ ҰК мен ҚМГ БӨ Каспийдегі оффшорлық блоктарға қатысу мүмкіндігі туралы меморандумға қол қойды

АСТАНА, 26 мамыр. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ арасында ҚМГ БӨ-ге бірқатар мұнайгаз жобаларының, оның ішінде Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан блоктардың геологиялық-геофизикалық және қаржы-экономикалық мәліметтерін алуға рұқсат беруді қарастыратын өзара түсіністік меморандумына қол қойғанын хабарлайды.

Жобалардың қатарына, атап айтқанда «Жамбыл», «Үстірт» («Өлі Қолтық»), «Жеңіс», «Година», «С-1» және «С-2», сондай-ақ «Өріктау» сияқты және басқа да теңіз блоктары кіреді. Тараптардың келісімі бойынша мұнайгаз жобаларының қоржыны кеңеюі мүмкін.

Алынған мәліметтердің негізінде Компания осы жобаға өзінің қатысуын қарау мақсатында аталған жобалардың инвестициялық тартымдылығына техникалық-экономикалық және коммерциялық баға береді, одан кейін ҚМГ ҰК мен ҚМГ БӨ тиісті консультациялар жүргізеді. Мәселе оң шешілген жағдайда ҚМГ БӨ бұл жобаларға басқа да компаниялармен тең коммерциялық шарттармен қатысады.

ҚМГ ҰК Басқарма төрағасы Қайыргелді Қабылдин: «Каспий теңізінің қайраңын игеруге ірі халықаралық мұнай компанияларымен қатар ҚМГ БӨ-нің тәжірибесі мен ресурстарын тарту - бұл «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы үшін маңызды қадам. Аталған жобаларды өз күшімізбен жүзеге асыру мұнайгаз саласындағы еліміздің стратегиялық мүдделеріне сәйкес келеді» - деп атап өтті.

Ал ҚМГ БӨ бас директоры Асқар Балжанов: «Меморандумға қол қою көмірсутегі өндірісін арттырып, ресурстық базаны ұлғайту мақсатында Каспий қайраңын игеруге қатысуды қарастыратын біздің Стратегиямызды жүзеге асырудағы маңызды қадам болып табылады. ҚМГ БӨ теңіздегі мұнай операциясын жүргізуге қажетті барлық техникалық және қаржылық ресурстарға ие», - деп мәлімдеді.

0 пікір