Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2256 0 пікір 26 Мамыр, 2011 сағат 04:57

Қазақстанның батысында аусыл шыққан ауылдағы 1200-ден астам мал жойылды

АСТАНА. 26 мамыр. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысының аусыл шыққан Тінәлиев ауылында 1224 бас мал жойылды,деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Ведомствоның атап өтуінше, Ақжайық ауданына қарасты Тінәлиев ауылында мал басының шығыны  дүйсенбі күні басталған. 4 ірі қара арам қатқаннан кейін Батыс Қазақстан  облысы бойынша республикалық ветеринарлық зертхана «аусыл» деген диагноз қойған.

«Қазіргі уақытта 68 ірі қара малдан аталған індетке ұқсас белгілер байқалуда. 24 мамыр күні сағат 17-00-дегі жағдай бойынша ауруға шалдыққан 83 ірі қара сойылып, өртеу арқылы жойылды. Өртелген малды көметін арнайы участок бөлінді», - делінген болатын министрліктің кешегі таратылған ақпаратында.

Ал ведомствоның бүгінгі ақпаратына сәйкес  25 мамыр күнгі сағат 23-00-дегі жағдай бойынша 395 мүйізді ірі қара, 829 ұсақ мал басы өртелген.

Ақжайық аудандық ішкі істер бөлімі мен ҚР АШМ аймақтық инспекциясының қызметкерлері бірлесіп, арнай бекет қойды.

Қолда бар ақпаратқа қарағанда, ауылда 2188 бас мал бар, оның ішінде 550-і - ірі қара мал.

0 пікір