Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2443 0 пікір 26 Мамыр, 2011 сағат 04:56

Қызылорда облысында соңғы аптада 6 адам суға кетті

ҚЫЗЫЛОРДА. 26 мамыр. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің бас маманы Айгүл Нұрманова соңғы аптаның ішінде облыс аумағында 6 бірдей жасөспірімнің Сырдария өзеніне суға ағып кеткенін хабарлады.

Қармақшы ауданындағы Диірментөбе ауылы тұсында орын алған қайғылы оқиға туралы бұдан бұрын хабарлағанбыз. Ертеңіне, мамырдың 23-і күні осы Диірментөбеге қарасты Елшібай разъезі тұсында 1995 жылы туған С.А. есімді жасөспірімді де суға шомылу кезінде дария аждаһасы жалмады.  Содан бері марқұмның денесін іздестірілу үстінде.

Осы күні  сағат 15.00 кезінде Қармақшы ауданы Байқоңыр қаласы тұсында суға шомылу кезінде 1995 жылы туған Ж.Д., 1996 жылы туған Ә.З. Сырдария өзенінде суға батып кеткен. Олардың да денелері іздестіріліп жатыр. Ал кеше, 25 мамыр күні  сағат 05.30 шамасында Қызылорда қаласындағы «Мерей» шағынауданы тұсында суға шомылу кезінде 2003 жылы туған Е.С.. және 2002 жылы туған Е.С.. дарияға ағып кеткен. Марқұмдардың денелерін  Судан құтқару қызметінің қызметкерлері шығарып алды

0 пікір