Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 1902 0 пікір 25 Мамыр, 2011 сағат 06:34

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: Біз келіскеннің барлығын жүзеге асыруға тиіспіз!

Қазақстанға үш күндік ресми сапармен Белоруссия президенті Александр Лукашенко келді. Мәртебелі мейманын өз Ақордасында қарсы алған Елбасы мұны «екі ел арасындағы сенімнің, экономика һәм саяси салада қалыптасқан ынтымақтастықтың белгісіне» жорыды. Сосын Беларусь басшысымен өзінің биылғы жылы ТМД және басқа ұйымдар аясында алда әлі кездесетіндігін қосты. Ақордадағы өзара оңаша кездесуден шыққан соң, Қазақстан көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев А.Лукашенко жүргізіп отырған саясатты және оның экономикалық, әлеуметтік даму басымдықтарын қолдайтынын мәлімдеді. Ал кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 2009 жылғы Белоруссияға сапарын жылылықпен еске алды. Сол кезде екі ел арасында біраз уағдаластыққа қол жеткізіліпті. Елбасы олардың келешегі мол, стратегиялық, индустриялық жобалар екендігін еске салды. «Бұлар 27 бірлескен кәсіпорын, оның бесеуі ендігі іске асырыла бастады. Біз келіскеннің барлығын жүзеге асыруға тиіспіз!» деп нықтады Н.Назарбаев. Айтқандай, артынша, олардың өмірде қалай іске асырылып жатқандығы жөнінде екі жақтан үкіметтер басшылықтары баяндап берді.

Ал Беларусь президенті осы сапарында Қазақстанның ғажайып қарқынмен түрленіп жатқандығына таңдай қақты. «Мен былтыр келген болатынмын, сол кезбен салыстырғанда, Астанадағы қайран қалдырарлық, жағымды өзгерістерге куә болудамын! - деді Елбасыға қайырылған А.Лукашенко. - Мен ендігі жас саясаткер емеспін, көпті көрдім: менің көз алдымда қабылдаған шешімдер мен ойларыңызға Сіз ендігі өмірге жолдама берген екенсіз. Астанада қажеттінің бәрі жасалған. Сіздер ел мен елорданы байыпты, жоспарлы түрдегі дамытуға көштіңіздер! - деген Белоруссия басшысы өз елінің қазақтардың «ғаламат, айдынды жоспарларына қосылуды» қалайтынын білдірді.
Ақордадағы жоғары деңгейдегі келіссөздер нәтижесінде екі мемлекет басшысы Бірлескен мәлімдеме қабылдады. Елбасының айтуынша, онда «қазақстандық-беларустық байланыстарды және әр қырлы ынтымақтастықты дамытудың бүкіл кешені көрініс тапқан».
Беларусь президентінің елімізге ресми сапары аясында, сондай-ақ екі ел үкіметтері «Үкіметтік байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы» Келісімге, екі елдің Қорғаныс министрлері «Мемлекеттік әуе көліктерінің ұшу қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастық туралы» Келісімге және екі елдің Ішкі істер министрліктері өзара ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойды.
А.Лукашенконың сапары бүгін де жалғасады.

Айхан ШӘРІП

aikyn.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2029
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2463
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2040
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1590