Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2224 0 пікір 25 Мамыр, 2011 сағат 06:29

Қарағандыда Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған қайырымдылық концерті өтті

Қарағандыда Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арнап Қазақстанның халық әртісі Гауһар Мырзабекова мен Қазақстан камералық оркестрінің пианисі Тимур Орманшиев қайырымдылық концертін берді.

Классика өнерінің тарландары бұған дейін еліміздің үш қаласында, дәлірек айтсақ Талдықорған, Алматы, Шымкент қалаларында өнер көрсеткен. Қорытынды концерт Астанада өтпек. «Дегдар» қайырымдылық қоры ұйымдастырған мәдени шараға барлығы 1500 ардагер шақырылды. Бұл кеште музыканттар скрипка мен күйсандықтың әуенін үндестіріп, отандық және шетелдік композиторлардың классикалық шығармаларын орындады. Өнер иелері сонымен қатар, жас музыканттарға шеберлік сабағын өткізді.

Гаухар Мырзабекова, скрипкашы:
- Қан майданда от кешіп жүріп, бізге бейбіт күнді сыйлаған батыр аталарымызға құрмет көрсету әрқайсымыздың азаматтық парызымыз деп білемін. Біздің репертуарымыздағы шығармалар ардагерлердің көңіл-күйін көтеріп, рухани ләззат сыйлады деп сенеміз.

Тимур Орманшиев, пианист:
- Қарағандылық тыңдарманның классикалық туындыларға шөліркеп қалғандығы байқалып тұр. Залда ине шаншар орын болмады. Біз үшін бұл үлкен құрмет, қуаныш.

khabar.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2023
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2438
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2026
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1587