Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2069 0 пікір 25 Мамыр, 2011 сағат 03:33

Нұра Матай. Қош бол, қожайын!

Грузия парламенті «Бостандық хартия» деп аталатын заң жобасын жуық арада қабылдамақ ниетте. Бұл заң бойынша, совет өкіметінің компартиясы мен комсомолының мүшелері және советтердің арнайы қызметтерінде істеген азаматтар барлық дәрежедегі мемлекеттік қызметтен аластатылады.

Қызыл коммунистер лауазымды қызметтерден бастап, қыл аяғы оқу орындарында кафедра меңгерушісі де бола алмайды. Міне, Грузия осылайша орыс отарлығынан арылуға нақты әрі ірі заңдық қадам жасап отыр.

Әлбетте, мұның астарынан Саакашвили мен Путин арасындағы қырғи-қабақтықтың салқынын іздеп жатқандарда бар. Бірақ, отарлық санадан арылғысы келген Грузин билігінің әрекеті қолдарлық. Отарсыздану туралы заң жобасын «Бостандық хартиясы» деген атпен алып шығу біреулердің ойына екі дүние де келмес. Тіпті, ондай ірі саяси қадамды жасамақ түгіл ойлаудың өзі қорқынышты көрінеді әрі қожайынына деген жеке басының айнымас махаббаты оған ешуақытта жол бермейді. Ал, Саакашвили қылшылдаған жас және оның миы кеппеген. Ол тіпті, алыстағы батыстық қожайындарына арқа сүйеп отырса да, Грузиясы үшін санадағы орыс қамытты қоқысқа лақтырып, шынайы бостандыққа иек артып отыр.

Иосиф Виссарионовичтің отанына со кісінің тарихи бейнесін қайта тірілтуге қарсы еместігін емеуріндетіп жүрген Путиннің қай әкесінің құны қалғанын қайдам, Путинге салсаңыз, Украина, Белорусь, Қазақстан сықылды елдің бәрі айтар сөзді қожайынның қас-қабағынан түсініп, аяғының ұшымен қозғалып жүргені керек. Ал, Саакашвили болса, коммунистер мен советтік арнайы қызметтің өкілдерін комсомолдарымен қосып, тарихи қоқысқа айналдырып, оларды Тәуелсіз Грузияның ісінен шеттеттіп, Ресейдің пиығылының тамырына балта шапты. Әрине, кедендік одақ, мәңгілік достық, тарихи бауыр ел деген секілді саяси сайқал сөздер арқылы енетін, еніпте қойған құлдарға ықпал әрі оларды матап ұстау сияқты Ресейдің өңі өзгерген отарлау саясатынан Грузия «Бостандық хартиясы» - мен шығып барады. Құлдық санадан құтылған Грузиндер жасасын!

Грузия: «Қош бол, қожайын». Ал, біз «Қош бол, қожайын» дер күнге қашан жетер екенбіз...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2018
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2435
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2016
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1586