Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2234 0 пікір 23 Мамыр, 2011 сағат 07:03

Қарағайларды құлатқан дауыл

Суреттер иесі Мұртаза Бұлұтай

Жарықтық ауа-райы мен табиғаттың кейінгі кезде мазасы кетіп-ақ тұр. Ағымдағы айдың басынан бері әлсін-әлсін жер тербеліп, елді үрейлендірсе, 17-нші мамыр күні аяқ астынан Алматы аспанын шойын қара бұлт бүркеп, алай-дүлей дауыл тұрып, қаланы көшіріп жіберердей долданды дерсіз. Сөйті де, баданадай бұршақтарды төпелетіп кеп жіберді. Сәлден кейін бәрі сап тыйылды. Кейін білдік. Дауыл қала ішінде діңі мықты ағаштарды алып ұрып, қала сыртындағы үйлердің шатырларын шалқасынан түсіріпті. Ал, Медеу мен Шымбұлаққа барар жолды жау тигендей етіпті. Алатаудың қарағайларын майдан даласында шейіт болған сарбаздардай сұлатып кетіпті. Қарап тұрып, жаның ауырады. Амал не, табиғаттың өз заңы бар. Бізге қалары - тазалау.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2061
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2490
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2088
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1605