Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Міне, көрдің бе? 4919 15 пікір 6 Наурыз, 2019 сағат 10:25

Демалысты бейсенбі-жұма күндеріне ауыстыру қажет

Негізі ұлтымызда екі жаңа жыл бар оның біріншісі – 22 желтоқсанда, екіншісі – 22 науырызда. Діліміз 12 жылдық мүшелді хош көреді. Әрі он екі жылдық жыл санауды біздің бабаларымыз өмір-салтымызға енгізді.

Мұсылман дініндегі жұртымыз Батыс әлемі түркіден алып, және Орыс әлемі Петр І пәременімен әлі күнге дейін қолданатын Жаңа Жылды құп көре қоймайды. Сондықтан, изеуиттер түн ұзаруы табиғат құбылысын Иса Мәсіх туған күніне орайластырған 22 желтоқсандағы Жаңа Жылымыздан Ислам дінін ұстанғандықтан бас тартуға мәжбүрміз.

Осы орайда министріміз Арыстанбек Мұхамедиұлы ел арасында "Наурыз мерекесі бұқаралық сипаттан ажырап, сахналық кейіпке еніп, аздаған жұртшылықтың қызықтауына ғана айналған фольклорлық қойылым көрінісінен аспауда" деген пікір қалыптасқанын ашық айтты.

1930 жылдардың ортасына дейін бейсенбі мен жұманың демалыс күндері болғанын тарихшылардан басқа қалың көпшілік біле бермейді. Ұлттық рухани жаңғыру идеясы билік тарапынан орынды көтеріліп отырса, онда сенбі – бірінші жұмыс күні деп танылып,  бейсенбі мен жұма демалыс күндері деп саналуға тиіс. Бұлай деп отырғанымыз, сол кезде әлем мен орыс дүниесі қазақтың өз өмір сүру салты бар екенін ұғынады. Әрі ұлттық жаңа жылымыздың құдіретін аптаның күндерінен сезіне алады.

Ұлттық жаңа жыл – апта күндерінен бастау алады. Оны мерекелеу немесе мерекелемеу әр адамының жеке басының ісі. Бірақ, қазақтың өз ұлттық аптасы мен жаңа жылы бар екенін елімізде тұратын басқа ұлт өкілдері ұғынып әм құрметтеуге тиіс.

Наурызды тойлауға дайындық бір жарым ай бұрын басталып, еліміздегі ірі компаниялар қатысқан қайырымдылық акциялары өткізілсе бұқаралық мереке орыс тілді қазақ қауымдастығы арасында кең таралар еді.

Әрі 2019-2020 жылдарға арналған ұлттық күнтізбеміз еліміздегі мұсылман көпшіліктің мүддесін ескермей бизнес тарапынан сатылымға шығарылмады.  Оның есесіне конституциялық құқығымызды шектейтін әрі мансұқтайтын мәсіхшіл күнтізбелер кеңсе тауарлары сатылатын дүкендерді жаулап отыр. Оның үстіне ең сорақысы Наурыз мерекесі бұқаралық емес, әкімдерге үй тігіп, белсенді ақсақалдарымызды сайратушы, әжелерімізді шашу шашып ойнатушы  көрініске айналды.

Енді қазақтың «Ұлттық рухани жаңғыру» аясында ұлттық жаңа жылымыздан бастау алатын милети апта күндеріне қол жеткізуі үшін мәдени-ағартушылық күресте жеңіске жетуіміз ғана қалды. Тек билік қара халықпен санасып, осыған ыңғай танытатын кез жетті.

Қазақ жаңа жылы қазақы аптадан күн сайын өзін танытады. Сіз бұған қалай қарайсыз? Қазақы аптаның күн тәртібіне, өмір салтымызға енуіне атсалысуымыз үшін рухани күрес ашу керек пе!?  Әлде қызыл империя енгізген Батыстың рухани батпағына аунауды құп көреміз бе!?

Әбіл-Серік Әлиакпар

Abai.kz

 

15 пікір

Үздік материалдар