Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жөн-ақ 4339 12 пікір 5 Наурыз, 2019 сағат 09:17

"Тың игеруді" лингва-этногеноцид деп тануға тиіспіз

Наурыз айының басында осыдан 65 жыл бұрын, яғни, 1954 жылы КСРО басшылығы партия пленумында тың және тыңайған жерлерді игерудің солақай шешімін шығарып, елімізді лингва-этногеноцидке ұрындырды. Осы мәселені кейбіреулер дүркіреп атап өтуге, оған қатысушыларды марапаттауға жан салып жатыр.  Осы шешім қабылғандаған күнді «Лингва-этногеноцид күні» деп атап өтуге әлі күнге дәрменсіздік танытып отырғанымызға жөн болсын...

Никита Хрущевтің осы лаңына қарсы шыққан көптеген қазақ зиялылары жазықсыз қудалауға ұшырады. Қазақ жерінің этно-климаттық келбеті өзгерді.

Белгілі саясаткер әм танымал аграри Балташ Молдабайұлы Тұрсымбаев:

«Традиционная форма животноводства, сложившаяся в казахских степях еще издревле, в ближайшие годы полностью сохранится. Насильственное навязывание таких нетрадиционных видов деятельности, как земледелие и производство зерна, способно впоследствии превратить эти земли в пустыни. В этих степях серьезное занятие земледелием затруднительно по двум видам причин – природным и экономическим. Суровые зимы и засушливое лето в ряде районов приведут к гибели посевов, и все труды пропадут даром. Одно дело, если бы земли в Казахстане были богаты черноземом. Но этого нет, и впечатление плодородия, которое возникает, глубоко обманчиво. К тому же водные ресурсы для обеспечения обильных урожаев в Казахстане недостаточны»,- дейді сол күндердің зардабы жөнінде.

Алғашқы екі жылда 1954-1955 жылдары жоспарланған 13 миллион гектардың орнына 33 миллион гектар жер жыртылып, 425 астық кеңшары құрылды. Қазақ мектептері жаппай жабылып, қазақтар тұратын ауылдар болашағы жоқ деп танылып, мүлдем қаңырап қалды.

Осындай демографиялық жағдайдың кесірінен әлі күнге дейін осы аймақтардағы қазақ мәдениеті мен тілі құрып кетудің аз-ақ алдында қалып отыр.

Осы лингва-этногеноцидті «Тың эпопеясы» деп даңғазыалықпен атап өтуге, оған қатысқандардың өңіріне төсбелгі тағуды аңсап жүргендердің тізгінін тартып,"Тың игеруді" лингва-этногеноцид деп тануды ұсынамын.

Сіз не дейсіз?

Әбіл-Серік Әлиакпар

Abai.kz

12 пікір