Жұма, 10 Мамыр 2024
2238 0 пікір 6 Ақпан, 2019 сағат 10:53

“7-20-25”  бағдарламасын жүзеге асыру үшін жергілікті әкімдіктермен бірлескен жобалар әзірленген

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың  Президенттің бес әлеуметтік бастамасы атты Қазақстан Халқына үндеуі -  халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған бастама.  Оның “Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру” деп аталатын бірінші бастамасына сәйкес, былтыр “7-20-25”  бағдарламасы қабылданған болатын.  

Сол бағдарламаның негізінде «Баспана» Ипотекалық ұйымы құрылған болатын. Ол - жас отбасылар мен бюджеттік сала қызметкерлеріне қаржылық жүктемені азайту мақсатында «Жас арман» және  «Қамқор баспана» жобаларын әзірледі. Жобаның мақсаты -  «7-20-25» ипотекасының алғашқы жарнасын екі есеге азайтуды қарастырады.
Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың бағалы қағаздар шығаратыны және халықтың аталған санаты үшін бастапқы жарнаның жартысын субсидиялауға міндетті екені айтылады.

«Баспана» Ипотекалық ұйымының басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков журналистерге берген сұхбатында:

-Біз «7-20-25″ бағдарламасына жас отбасылар мен бюджеттік сала қызметкерлерінің қатысуына орасан зор мән береміз. Олар тарапынан алғашқы жарнаны жинаудың қиындығы жөнінде көптеген пікірлер келіп түсті. Сол себепті, қолдау мүмкіндіктерін барынша қарастырдық. Мұндай әлеуметтік шешімдерді іске асыру үшін әкімдіктер тарапынан  қолдау күтеміз», – деген болатын.

Айта кету керек, осыған дейін «Жас арман» және «Қамқор баспана» өнімдері бірінші болып Шымкент қаласында пилоттық режимде жұмыс істей бастады. Тараптар тиісті Меморандумға 2018 жылдың 3 қыркүйегінде қол қойған болатын. Меморандумға сәйкес Шымкент әкімдігі қайтарымды негізде бастапқы жарнаны субсидиялау үшін ағымдағы жылы 500 миллион теңге және 2019 жылы 1,5 миллиард теңге бөледі. Әкімдіктің қолдауы 2 мыңға жуық жас отбасы мен бюджеттік сала қызметкерлерін қамтиды деп жоспарланған.

Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар облигациялар шығарады және халықтың аталған санаты үшін бастапқы жарнаның жартысын субсидиялауға міндеттеледі. Ал "Баспана" әкімдіктер облигацияларын сатып алып, "7-20-25" бағдарламасына қатысатын банктер арқылы халықтың осы санатын кредиттеуге күш салады.

Аталмыш бағдарлама бойынша, шілде айында 3 мыңға жуық пәтер қолжетімді болған. 2 мың адамның өтініші мақұлданып, олар ипотекалық қарыздарды алып үлгерді.

Ал жоба жетекшілерінің биылғы жоспары бойынша, 100 млрд теңге көлеміндегі ипотекалық қарыз беру көзделіп отыр.

Әкімдіктермен бірлесе дайындалған «Жас арман» мен «Қамқор баспана» өнімдері - жанұяларға алғашқы төлемді азайтуға көмектеседі. Ол 20%-ды құрайды және осы төлемді екі есе азайту мақсатында жергілікті билік болашақ қарыз алушыларға пайызсыз және ұзақ мерзімді несие беруге ниетті көрінеді.

Айталық, пәтер 10 млн теңге тұрады, 1 млн-ын адам өзі құйса, тағы 1 млн-ын әкімдік береді. Жоба жетекшілерінің есебінше, 15 жылдық несие дегеніміз - бұл айына 5 мың теңге деген сөз.

Қазір аталған жоба бойынша Шымкент және Ақтөбе қалаларымен келісім жасалған екен. Ал, Астана, Қарағанды және Қызылорда қалалары бұл бағдарламаға үлкен қызығушылық танытып отырған көрінеді...

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1871
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1919
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1611
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1476