Жұма, 3 Мамыр 2024
2785 1 пікір 1 Наурыз, 2019 сағат 12:50

Мәжіліс жиындарына Тәуелсіз сарапшылар мен БАҚ өкілдеріде қатысатын болады

Бүгін Елордада Парламент Мәжілісінің кеңейтілген отырысы өтті. Оған Төменгі палата спикері Нұрлан Нығматулиннің өзі төрағалық етті. Бұл туралы "Абай ақпарат" хабарлайды.

Төраға Нығматулиннің төрағалығымен өткен жиында төменгі палата депутаттары әлгіндегі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бас партияның XVIII сьезінде көтерген маңызды бастамаларын талқы етті.

Атап айтқанда, елдегі әлеуметтік тұрмыс жағдайы төмен отбасыларды жеңілдетілген тәртіппен баспанамен қамту, аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету, олардың баспана мәселесін, білім алу мәселесін, денсаулық мәселесін шешу жолдарын жақсарту, өңірлерді дамыту үшін қабылданған ауқымды бастамаларды жүзеге асырудың жолдарын қарастыру секілді бірқатар мәселелерге тоқталды.

Мәжіліс спикері, аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін мемлекет бюджетінен арнайы қаражат қарастырылуы керектігін алға тартты. Елімізде әлеуметтік жаңғыртудың жаңа кезеңінің басталғанын және соған сай жоғарыдағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев міндеттеген тапсырмаларды орындау үшін қаржылық қолдау болатынын да айтты.

"Ең алдымен Президентіміздің "Нұр Отан" партиясының съезінде берген барлық тапсырмаларын жедел әрі сапалы заңнамалық қамтамасыз етуіміз қажет. Елбасы Мәжіліс депутаттары, әсіресе, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыруға мониторинг жасау жұмыстарына белсене қатысуға тиіс екендігін атап өтті. Біз осы тапсырмаларды аталған бағдарламаларды орындауға жауапты құзырлы орган өкілдерін "Үкімет сағатында", сондай-ақ, Мәжіліске кірген саяси партиялар фракцияларының отырыстарында тыңдау арқылы жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз", - деді төраға Нығматулин.

Мәжіліс тізгіншісі Нұрлан Зайроллаұлы өз кезегінде аталған жиындарға, бюро отырыстарына үкіметтік емес ұйым мүшелері мен сарапшылардың, бұқаралық ақпарат құралдарының да шақыртылатынын, талқы жиындар ашық әрі жария түрде өткізілетінін нақтылап айтты.

Сондай-ақ, бүгінгі Мәжіліс бюросының кеңейтілген отырысында өзге де қордаланып жатқан мәселелер қарастырылды. Атап айтсақ, бірқатар Халықаралық құжаттар ратификацияланды. Олар: Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі туралы келісім, Қазақстан мен Қытай  Үкіметтері арасындағы Қытай Халық Республикасының жеңілдікті кредит беруі туралы келісімі және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы  Өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы.

Айта кетейік, аталған мәселелер мен Халықаралық құжаттарды ратификациялау мәселесі күн тәртібі бойынша Мәжіліс депутаттарының қарауына өтті.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 578
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 309
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 319
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 331