Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
Араша 4118 7 пікір 25 Ақпан, 2019 сағат 09:24

Қытайдағы өзге этностардың емес, өз аналарымыздың жайын күйттеу керек

ШЫН ПАТРИОТ  БОЛСАҢ, АЛДЫМЕН  АНАЛАР МӘСЕЛЕСІМЕН АЙНАЛЫС!

1. Елді екіге айырған  Қытайдағы этникалық қазақтар мәселесі және Cайрагүл ісі жайында әр түрлі өсек айтып, ананы-мынаны жамандап күнәлы болғанша, алдымен сені өмірге әкелген, жәннаттың кілті болып табылатын аналар мәселесін көтеріп, сауап жина!

2.  Фейсбукта отырып, далбаса посттарға, пікір жазып жалған ойшыл, өтірік батыр болғанша, елімізде әбден қордаланып, оның арты үлкен әлеуметтік дауға әкелген аналар мәселесін көтеріп, халқының шынайы патриоты бол!

3. Болмайтын іске алтын  уақытынды алып, еш мән-мағынасы, берер тәрбиесі жоқ постқа пікір жазып,  ақылгөй данасымақ болғанша, қазағымның намысын жоғары ұстайтын, еліміздің болашақ ғалымдарын, даналарын, спортшылары мен батырларын өмірге әкелетін аналарға конституциялық құқықтарын түсіндір, өзінің қиын мәселесі бойынша кімге, қалай арыз жазатынын көрсет, бағыт-бағдар бер!

4. Әкімдердің әдемі сөзіне сенбей, өз өңірінде, қалаңда, ауылда "ана мен бала" мәселесі туралы тәуелсіз комиссия арқылы толық мәлімет, дәлелді деректер жинақтап, оларды жергілікті әкім-басшыларға ұсын!

5. Өз тұратын жеріндегі  ашынған аналардың жағдайын өз көзіңмен көру үшін үйіне бар!  Ананың жанайқайын өз құлағыңмен тыңда, орнына өз анаңды қойып, көз алдыңа елестет, жүрегіңмен сезін!

6. Қолында артық ақшаң болса, оны басқаға жұмсамай,  жағдайың жетсе сауапты іске, яғни, көп балалы аналарға пәтер алып беруге, қаржылай қолдауға көмегіңді бер! Ең болса моральдық қолдап, заңдық кеңес беріп, аналық ақ батасын, періште бүлдіршіндердің ризашылығын ал!

7. Одан кейін саяси  мәдениетің және заңдық сауатың жетсе ғана, істі ушықтырмай, тәуелсіздігімізге нұқсан келетін жалған ақпараттар арқылы арандатпай Қытайдағы қысымшылық көріп жатырған тек қана этникалық қазақтар мәселесімен айналыс! Азаматтық ұстанымыңды көрсетіп, дәлелді ой-пікіріңді ашық жаз, қолдап үніңді қос!  Ал, Қытайдағы қысым көріп жатқан өзге этностар өз мәселелерін өздері шешер!

Талғат Қатауов, қоғам қайраткері

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1672
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1620
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1352
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1287