Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
2751 2 пікір 23 Ақпан, 2019 сағат 14:10

Ақ үй: АҚШ шамамен 200 жауынгерін Сирияда қалдырады

Америкалық әскери Сириядан шығарылған соң, АҚШ-тың 200 жауынгерлен жасақталған бітімгер тобы аз уақытқа осы елде қалады. Бұл туралы бейсенбі күні Ақ үй баспасөз хатшысы Сара Сандерс хабарлады. Бұндай шешімді ол Сирияда "бейбітшілікті қорғау" деп атады.

АҚШ президенті Дональд Трамп бейсенбі күні Түркия презиленті Режеп Ердоғанмен телефон арқылы сөйлескен соң, осындай шешім қабылдағанын жариялаған. Соған байланысты АҚШ-ың халықаралық коалиция құрамына кіретін еуропалық одақтастары да жүздеген жауынгерін Сирияда қалдыра алады.

Әзірге 200 америкалық жауынгердің Сирияда нақты қанша уақытқа қалатыны, қайда орналасатыны белгісіз.

АҚШ президенті америкалық әскердің Сириядан шығарылатынын өткен жылдың соңында жариялады. Трамп шешіміне наразы болған қорғаныс министрі Джеймс Мэттис отставкаға кетті, Пентагондағы бірқатар шенеунік сонымен бірге кетті.

Трамп бәсекелестері америкалық әскердің бірден шығарылуынан Сирияның солтүстігіндегі күрд қарулы күштеріне қауіп төнеді. Түркия оларды терроризмді қолдады деп айыптап, жергілікті күрдтерге қарсы әскери операция бастауға дайын екенін бірнеше мәрте мәлімдеген.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1687
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1645
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1375
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1308