Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
2943 1 пікір 23 Ақпан, 2019 сағат 13:34

Алматы облысында өнім көлемі 2,7 трлн. теңгеге жетті

Алматы облысында 2018 жылы экономиканың барлық салаларында оң динамика сақталды. Облыстың жалпы өңірлік өнімі 3,5%-ке өсіп, 2,7 трлн. теңгеге жетті. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Амандық Баталовтың есеп беру жиынында белгілі болды, деп жазады облыс әкімдігінің ресми сайты.

Жетісу өңірінің ауыл шаруашылығында өсім 3,6%-ке (703,3 млрд.тг), өнеркәсіпте – 1,1 (883,9 млрд. тг), бөлшек тауар айналымы 7,2 (500,1 млрд.тг), құрылыс жұмыстарының көлемі 1,6%-ке ұлғайды (276,6 млрд.тг).

574 млрд. теңге инвестиция тартылып (103%), 31 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, бұл жоспардан 5,8 мыңға артық (жоспар - 25520), жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ке дейін төмендеді.

Бюджетке 387 млрд.теңге түсті, оның ішінде жергілікті бюджет түсімі 16,4% өсіммен 202 млрд.теңгені құрады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1672
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1619
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1351
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1287