Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
Әкім мен халық 4572 8 пікір 18 Ақпан, 2019 сағат 13:01

Алтайдың есебіне барамын деп полициядан бір-ақ шықтым

БҚО әкімі Алтай Көлгіновтың халыққа есеп беру жиыны болатын ғимаратқа сағат 9.50-де барып едім, мені екі ІІД қызметкері ішке кіргізбей полицияға алып кетті. ІІБ апарғандағы сұрақтары да бір түрлі.

- Қала әкімінің есеп беру жиналысындағы УН сайтының видеосын қайдан алдыңыз? Видеодағы кісілер кімдер? Кім түсірді видеоны?

- Мен ол күні Атырауда болдым. Видеоны "УН неделя" сайтынан алдым. Видеодағы адамдарды танымаймын.

- Кіммен тұрасыз?

- Әйеліммен және қызыммен.

- Басқа қандай әлеуметтік желіде отырасыз?

- Вконтактіде Қ.Нұртастың өлеңін тыңдаймын. Инстаграмнан Криштиану Роналдоның және т.б. әншілердің сүгіретін қараймын.

- Қандай партиядасыз?

- Ешбір партия мен ұйымда жоқпын.

Бар болғаны осы. Бұл сұрақтарды басқа уақытта қоймай, дәл әкім есеп беретін күніне орайластырудың астарында не жатыр, Мені әкім есеп беретін ғимараттың алдынан алып кететіндей не бастарына күн туды?

Менің ойымша, Алтайдың есеп беруі әкімнің өзі қалаған сценарий бойынша өтті. Ешкімге ештеңе айтуға мүмкіндік берілмеді. Сонда есеп беру кім үшін өтті? Мен өз ауылым туралы екі сұрақ қоймақ едім. Сол екі сұрақтан қашатын көзбояушылықтың не керегі бар?

Әкімнің һәм әкімшіліктердің бұл ісі халықты ашындырары хақ. Егер халық мұңы мен мәселесін әкімге айта алмаса, ондай есептің кімге қажеті бар.

 

Айболат Бөкенов

Abai.kz

 

8 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1957
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2254
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1854
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1548