Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Қайнайды қаның... 5956 13 пікір 5 Ақпан, 2019 сағат 09:24

Cахалар құрлы бола алмай отырмыз...

Биылғы жылдың басында сахалардың бас қаласы Якутскідегі маңдай алды ұлттық мектеп «Айыы Кыhата» басшылығы орыс тілді оқушыларды қабылдаудан бас тартты (https://eadaily.com/ru/news/2019/02/01/v-yakutske-rukovodstvo-shkoly-otkazalos-prinimat-russkoyazychnyh detey?). Кикілжіңнің басты себебі қаладағы бір білім ошағының жабылуынан бастау алды. Бірақ орыс тілді балаларды саха тілді балалармен бірге оқытудан директор ат-тонын ала қашып, "бұл үрдіс біздің болашағымызға балта шабады" деп ашық мәлімдеді. Басшыны ата-аналар комитеті қолдады.

Бір ойды бір қозғайды дегендей, белгілі боксшы Болат Манкеновтің әкесі Тоқтар ақсақал бастауыш сыныпты ШҚО Жарма аудандағы Аршалы ауылындағы украин тілінде мектептен бітіргенін ешкім біле бермейді. Бұны мысалға келтіріп отырғанымыз, ұлты үшін жанын беретін бір ағамыз Түркіменстан мысалын алға тартып, орыстардан басқа ұлтты балаларын тек түркімен  мектебіне беруге мәжбүрлегенін сөз еткен болатын. Әттең біз бұлай ете алмаймыз. Тек бір кездері украин тілді мектеп болғанын алға тартып, Ассамблея шынымен еліміздегі диаспоралар бағына қызмет етсін десек славяндарды орыс, белорус және украин тілді мектептерге бөлудің жолын  ойластырғанымыз жөн. Әрі қазақ балаларын орыс мектептеріне беруге тосқауыл қойып тастау қажет дегені бартын.

Осындайда Ресей боданындағы сахалар құрлы бола алмай, аралас мектептердің кесірінен Шығыс пен Солтүстік аймақтарда бірте-бірте орыстанып барамыз деп бармақ шайнайды екенсің?

Әбіл-Серік Әлиакпар

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2018
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2436
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2019
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1586