Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
3607 5 пікір 1 Ақпан, 2019 сағат 09:57

Латвия "Россия" каналын көрсетуге тыйым салды

Латвияның БАҚ жөніндегі ұлттық кеңесі (NEPLP) 31 қаңтардан бастап украиндықтарға деген жеккөрушілікті қоздыртып отырған Ресейдің "РТР-Россия" телеканалын үш айға көрсетуге тыйым салды деп хабарлайды Delfi.

"Латвия өзінің территориясында Кремльдің дұшпан санайтын еліне деген анық пропагандасына төзе алмайды. Біз өзіміздің ақпарат кеңестігімізді қорғаймыз", – деп түсіндірді NEPLP төрағасының орынбасары Иварс Аболиньш.

Заң бұзушылық "Вечер с Владимиром Соловьёвым" және "60 минут" (жүргізушілері – Ольга Скабеева мен Евгений Попов) деген бағдарламасында көрініс тапқан.

Былтыр 22 мамырда шыққан алғашқы бағдарламасында Украина мемлекетіне деген жеккөрушілік пікірлер айтылған. 2018 жылдың 11 қаңтарында эфирге шыққан "60 минут" бағдарламасында ЛДПР партиясының төрағасы Владимир Жириновский Украинамен соғысуға шақырған. Сарапшылар бұл бағдарламалар Украина азаматтарына деген жеккөрушілік сезімін қоздырады деп таныған.

2015 жылы Балтық елдерінің бірінің – Литва да Ресей арналарын көрсетуге тыйым салған. Литваның теле және радио комиссиясы "Рен ТВ Балтия" ресейлік каналын үш айға көрсетуге тыйым салған.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 383
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 203
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 219
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 213