Сенбі, 4 Мамыр 2024
Үшбу хат 5641 5 пікір 30 Қаңтар, 2019 сағат 08:25

Газеттер дәлелсіз сөзді неге жариялайды?

Құрметті Abai.kz ұжымы! Мен – бірнеше жылдан бері сіздердің порталдың тұрақты оқырманымын. Есімім – Гүлназия. Жалпы, газетте жазылған мақаладағы автор пікіріне редакция көзқарасын  білдірмейді делінген. Дегенмен, газетте жазылған жайттар басқалардың, нақты айтқанда, әлдебір кейіпкердің артында қалған ұрпақтарының намысына тиетін болса, редакция жауап бермейді екен деп, қоя салуға бола ма?

Енді айтар ойыма келсем, 2018 жылдың 14 желтоқсанында «Аманкелді арайы» газетінің №44-нөмерінде «Қарапайым ана қуанышы» атты мақала жарияланған. Онда Жаңыл Мұқанқызы және оның әкесі жайлы жазылған. Сол мақалада адамдардың пікірі алынған екен. Мәселен, Мұқан әкемізді мақтау үшін Есет Бейсенов есімді тұрғынды сөйлеткен. Ол өзінің әкесі айтқан қылып былай дейді: «Мұқан ақсақалдың Қапар деген інісі болған.  Ол кісі өте момын еді, зав.ферма болатын, бірде Қапар абақтыға жабылып қалып, оны Мұқан ақсақал Т.Бадамбаев деген аудан басшысына кіріп, босатып алыпты».

Яғни, біріншіден Қапар әкемді өте момын, қолынан іс келмейтін адам ретінде  көрсеткен.

1905 жылы туған, жастайынан еңбекке араласқан елге ағайынға адал, қамқор болған  кісі Қапар әкемнің  адалдығы жайлы ел арасында аңыздар жетерлік. Өмірінің бәрін  осы елді өркендетуге арнаған. 1966 жылға дейін колхоз, совхоз жұмыстарында басшы болған, демалыс жасына жеткенге дейін, «Крупская» совхозында жылқы фермасының меңгерушісі болған. Осындай адамды бұлай сөз етудің өзі артық.

Екіншіден, Абақтыға түскен деген не сөз? Ол кісі өмірінде  ондай жағдайды басынан өткізген емес. Болмағанды болды деп, газетке жазу, яғни тасқа қашау әділеттілік пе?

Үшіншіден, газеттің сөзі  - тарих. Аудандық газет болса да, бұл жүздеген жылдар бойы сақталып қалады. Мынаны оқыған кейінгі ұрпақ не ойлайды? Басылым басшылары шынайы тарихқа қиянат жасап отырғандарын біле ме?

Біреуді мақтағысы келсе, сөз көп қой, қазір ол кісілерді білетін адамдар аз. Тек 40-шы жылдан бастап туған адамдарды сөйлетіпті. Олар 1905 жылы туған менің әкемді қайдан біледі? Білмеген адамы жайлы бұлай сөйлеп, оны газетке бастыру дұрыс емес.

Бірде Қалди деген кісіні мектеп оқушыларымен кездесуге шақырғанмын. Сол кездесуде былай деп айтып еді: «Шіркін, мына Гүлназия апайларыңның әкесі Қапар ағаның еңбекқорлығы, адалдығы, ақкөңілдігі қандай еді, неге сондай тұлғаларымыз айтылып-жазылмайды. Біздікі жай ғой, сол кісілерден алған тәжірибеміз аз», - деп әңгімелеп беріп еді.

Мен әлгі мақаланы оқып шыққаннан кейін, өзімді ұстап, біраз уақыт өткізіп алдым, бұрындары газет бетінен кейбір көңілге қонбайтын әңгімелерді көріп, оқып жүрсек те ештеме демейтін едік. Осы жолы айтпасқа болмады.

Ренжіп, қолыма қалам алып, сіздерге жүгініп отырған себебім осы. Бұл мақалада айтылған дерек шымқай өтірік. Біреудің сыртынан өтірік сөйлетуге бола ма?

Әрбір жазылған жайттың  артында  кісі бар.  Өзі жоқ болса да ұрпағы бар. Біз де осы ауданға өсіп-өніп сол әкенің салып кеткен жолымен, берген тәрбиесімен бар өмірімізді ұрпақ тәрбиесіне арнаған адал жанбыз.  Әкемімді мақтан етеміз.

Гүлназия қажы Қапарқызы, Аманкелді ауданы  

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1053
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 937
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 693
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 791