Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
3242 0 пікір 29 Қаңтар, 2019 сағат 15:44

Қазақстан Президенті Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановты қабылдады

Кездесу барысында Мемлекет басшысына 2018 жылдың қорытындысы бойынша облыстың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері мен аймақ дамуының алдағы перспективалары жөнінде баяндалды.

Нұрсұлтан Назарбаев осы өңірдің маңызы зор екенін атап өтіп, газбен қамту мәселесіне, сондай-ақ Теміртау қаласының экологиялық жағдайына айрықша тоқталды.

Облыс әкімі Елбасыға Жолдауда айтылған тапсырмаларды іске асыру үшін қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімдеді.

– Сіздің еңбекақы мөлшерін арттыру жөніндегі бастамаңызды облыстағы барлық мекемелер қолдады. Бұл биылғы 1 қаңтардан бастап 220 мыңнан астам жұмысшының жалақысын 14 пайызға дейін өсіруге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, негізгі коммуналдық қызметтерге қатысты тарифтер 5-11 пайызға төмендейтін болады, – деді Е.Қошанов.

Соңында Елбасы өңірді одан әрі өркендету, соның ішінде Қарағанды қаласының құрылысына қатысты мәселелер жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар