Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
46 - сөз 4325 13 пікір 24 Қаңтар, 2019 сағат 12:41

Жастарда диплом бар да, жұмыс жоқ!

Жақында жолданған жолдауда президент Н.Назарбаев келер 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялайтынын айтты. Жарайды, жараияланбай жыл болмайтынға етіміз үйреніпте қалды. Дегенмен, бірінші кезекте ЖАСТАРДА ДИПЛОМЫ БАР ДА, ЖҰМЫСЫ ЖОҚ! Қоғамда «жастар» аты аталған жерде «жұмыссыздық» егіздің сыңарындай қалыптасты. Қазіргі уақытта жұмыссыздық дерті ең әуелі жастарды шарпуда. Елімізде «жұмыссыздықпен күрес қызу жүргізіліп жатыр» дегенімен, бұл мәселе әлі күнге дейін күн тәртібінен түскен жоқ. Соңғы жылдары елімізде екі қолға бір күрек таппай жүрген жас мамандар қатары көбейіп жатпаса, азайды дей алмаймын. Бұған не себеп? Жастардың жұмыссыз қалуына кім кінәлі?... Халықаралық еңбек ұйымының мәліметіне сүйенсек, қазір дүниежүзінде 17 пен 26 жас аралығындағы азаматтардың 13 пайызы, яғни 75 млн. жас жұмыссыз дейді. Ал, елімізде ше? Ресми деректер еліміздегі жұмыссыз жастардың деңгейін әр қалай көрсетеді. Жалпы, біздегі статистикаға да адам сеніп болмайды ғой. Былайғы жұрттың аузында әңгіме басқаша өрбісе де, статистикаға келгенде бәрі керемет сайрап тұратыны қызық. Осыған орай бір кездері ағылшындардың «ең үлкен өтірік – статистика» дегені орынды мен үшін. Бағдарламасыз жұмыс істей алмайтын замандай, «мемлекеттік бағдарлама» деп айдарлайтынымыз тағы бар. Жылдар сала жарнамасы жақсы бағдарламалар пайда болады да, сосын аяғы не болғанын сезбей қаласын. Себебі, қортынды жасағанда әспеттеп, жастарда проблема жоқтай тағы бір статистика бой түзейді.

Мысалы: «Ауыл жастары», «Дипломмен — ауылға!», «Жастар – кадрлық резерві», «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы сияқты, аты жақсы жобалар жарыққа шықты. «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы алғаш жүзеге асқанда, жастардың барлығы ауылға аттанып бара жатқандай көрінгенмен, алайда қалаға дипломсыз ағылған жастардың саны едәуір басым болды. Олардың қалаға үдере бас қоюына бір ғана себеп бар еді. Ол - жандарын қысқан жұмыссыздық. Бағдарлама бойынша жұмыс іздеген «дипломды» жастар мемлекеттің қолдауын көріп қалу үшін ауылға да бет бұра бастады. Шынтуайында, сол жастардың ауылға барып, алған білімі бойынша кәсіп көзін ашып жатқандарын көрмедім (болар бірен-саран, бірақ ол түбегейлі жастар мәселесі шешілді деген емес). Айналып келгенде, «жастарды ауылға тартып жатырмыз» деген тағы да статистика өзгереді. Сонда да қазір жұмыссыз жүрген жастардан «диплом бар, жұмыс жоқ» деген жауапты естейміз. Жоғары оқу орнын аяқтап, қолына дипломын алған көптеген жас маманның жұмыссыздық мәселесімен бетпе-бет келетіні жасырын емес. Оқу орнын бітірген түлектерді ешқандай жұмыс беруші құшақ жая қарсы алмайтыны тағы бар. Осыдан кейін, жастарды жұмыспен қамтудың тағы бір жолы «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасына ерекше көңіл бөлінді. Елімізде осы бағдарламаның шамамен 60 % қатысушылары жастар болды. Жасыратыны жоқ, мемлекет іске қосқан мемлекеттік бағдарламаның аясында еліміздің барлық облыстары мен аудан орталықтарында жұмыспен қамту орталықтары ашылып, жастарға бос жұмыс орындарын ұсына бастады. Алайда аталмыш бағдарлама арқылы екі қолға бір күрек тапқан жас мамандардың жалақысы мардымсыз болатыны естілді. Ал нарық заманы қысқан уақытта, төмен жалақыға жұмыс істеуге құлықты жастар табыла қояр ма екен? Сондықтан «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы ұсынған қызметтен бас тартқан жас маманды да кінәлай алмайсыз. Бүгінгі нарық заманында төменгі мөлшердегі жалақының ешнәрсеге жетпейтіні анық. Сондықтан, жастардың көпшілігі бағдарлама бойынша қызмет етуден бас тартып, өздігінше жұмыс іздеуге тырысады. Ендеше, жылдарды «атын атап» шығарып салғанымызбен, келер тағы бір «есімі бар» жылда күтетініміз мынау болсын.

Ең бірінші:
1. Жаңа Парламент керек;
2. Жастардың құқығы қорғалуы керек;
3. Қазақстан Республикасындағы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңы аясында нақты шаралар мен міндеттер орындалуы керек;
4. Жастар кəсіпкерлігін қолдау тиіс;
5. Жастардың белсенді өмір сүріп, ел ішіндегі əрбір істен тыс қалмауына жағдай жасалу керек;

Сол жастардың бірі болып, жастар жылына аяқ басар уақытта, айтар ойым осы!

Ринат Рафхаттың facebook парақшасынан

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1792
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1785
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1501
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1400