Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3036 0 пікір 10 Мамыр, 2011 сағат 03:57

Бақыт Шадаева, әнші: «Біз... тастанды бала сияқтымыз»

 

Көпшіліктің есті әнге де, есер әнге де еті үйреніп кеткендей. «Әу» дейтіннің бәрі қазір «өз тыңдарманым бар» деп күпінетін деңгейге жеткен. Жалпы, ән өнерінің бет-бейне, кескін-келбеті бүгінгі сұхбатымызға арқау болды. «Сәрсенбілік сұхбаттың» қонағы - белгілі әнші Бақыт Шадаева.

 

- Сауалдың бірден бұлай басталғанына ренжімеңіз, «Апашки» атты топ құрып, Гүлнара Досматова, Фарида Ниязова үшеуіңіз ән салып жүрсіздер. Неге «Апашки»? Әлде бұл апа болдық дегендеріңіз бе?

- Оның ренжитін несі бар, бізді «Екі жұлдыз» бағдарламасында жастардың бәрі «апашкалар» дейтін әзілдеп. Яғни, солардың қойып берген аттары. Және біздің «апашкадан» қай жеріміз кем? Бұл, әрине, сонша қартайып кеттік деген сөз емес. Дегенмен уақыт сырғып өтеді, табиғат өз дегенін алады ғой. «Артыңа қарап қартаясың» демекші, өмірдің бел ортасына сырғып бара жатқанымыз да рас.

- Ендеше, айтыңызшы, топ құру көп жағдайда жастарға жарасып тұратын сияқты. Әлде сізге жеке әнші болудан гөрі, топ құру ұтымды болғаны ма?

 

Көпшіліктің есті әнге де, есер әнге де еті үйреніп кеткендей. «Әу» дейтіннің бәрі қазір «өз тыңдарманым бар» деп күпінетін деңгейге жеткен. Жалпы, ән өнерінің бет-бейне, кескін-келбеті бүгінгі сұхбатымызға арқау болды. «Сәрсенбілік сұхбаттың» қонағы - белгілі әнші Бақыт Шадаева.

 

- Сауалдың бірден бұлай басталғанына ренжімеңіз, «Апашки» атты топ құрып, Гүлнара Досматова, Фарида Ниязова үшеуіңіз ән салып жүрсіздер. Неге «Апашки»? Әлде бұл апа болдық дегендеріңіз бе?

- Оның ренжитін несі бар, бізді «Екі жұлдыз» бағдарламасында жастардың бәрі «апашкалар» дейтін әзілдеп. Яғни, солардың қойып берген аттары. Және біздің «апашкадан» қай жеріміз кем? Бұл, әрине, сонша қартайып кеттік деген сөз емес. Дегенмен уақыт сырғып өтеді, табиғат өз дегенін алады ғой. «Артыңа қарап қартаясың» демекші, өмірдің бел ортасына сырғып бара жатқанымыз да рас.

- Ендеше, айтыңызшы, топ құру көп жағдайда жастарға жарасып тұратын сияқты. Әлде сізге жеке әнші болудан гөрі, топ құру ұтымды болғаны ма?

- Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі бола тұрып, маған қалайша топта ән айту ұтымды болмақ?! Яғни жаңа топта ел есіне қайта түспекке құштарлық танытатындай ұмытылып кеткен әнші емеспін. Бұл - бар болғаны продюсер Динара Адамның ұсынысымен әзілге әрі бизнеске құрылған шоу. Оның үстіне, актриса Гүлнара Досматова да әнші ретінде өзін сынап көргісі келді. Ал менің қосыла ән шырқауым - оған көрсеткен көмек немесе қолдау ғана.

- Ал бүкіл ел болып, қазақ тілін көтере алмай жатқанда, жаңа топтарыңыздың шымылдығын орыс әнімен ашқандарыңызды көп ел сан-саққа жүгіртті. «Позвони мне, позвони» деп кеңес заманындағы әнді шырқауларыңызға не себеп?

- Жоғарыда айтқанымдай, топ негізін қалаған - Динара Адам. Ал орысша тәрбиеленіп, орысша ойлап, орысша сөйлегендіктен, кім болса да, жанына жақын дүниені іздейді. Кейінгі кезде топ мүшесі болу маған кедергі келтіріп жатқанын да жасыра алмаймын. Өйткені жеке шығармашылығыма үлгере алмай жүргенім былай тұрсын, сахнадағы 20 жылдығымды да атай алмадым. Осының бәрін ойлай келе, жуықта топтан кетпекші ойым бар. Ал жобаны жалғастыра ма, әлде тоқтата ма, оны өздері біледі.

- Сөзіңізге қарағанда, әлдекімге өкпеңіз бар сияқты...

- Біз, өнер адамдары, тастанды бала сияқтымыз. Қоғамнан өнердің деңгейін көтерсек дейтіндей қолдау, ниет көре алмай жүрмін. Қайтсек көштен қалмаймыз деп, қолымыздан келгенше тырысып бағамыз әйтеуір.

Енді, міне, өнерге қолдаудың жоқтығынан той қуалап жүрісіміз мынау. Жастардың тойға барғаны олардың тәжірибе жинауына септігін тигізеді. Сондықтан, бір есептен, тойға барғандары да жөн. Ал, өз басым, кішкентайымнан тек сахнада жүргендіктен бе, тойдың деңгейіне түскеніме өзімді ыңғайсыз сезінетінім бар. Дегенмен амал қанша?!

Халық тойы қашанда қазына емес пе, содан тапқан қаражатты шығармашылық жұмыстардың қарекетіне жұмсаймыз. Сенсеңіз, беттің арын белбеуге түйіп, тойдан алған ақшаның бір тиыны да қалтаңызда қалмайды. Билет бағасын көтерейін десек, концертке келетін халықтың жағдайы мәз емес. Ал Республика сарайына концерт қояйын десең, жалдау ақысы өзге орындардан екі-үш есе жоғары. Енді жөндеу жұмыстары аяқталса, қандай бағаға көтерілетінін кім білсін.

- Өткенде Ассамблеяның соңы үлкен гала-концертке ұласқанда, өзге елдердің өнерпаздары арасынан Роза Рымбаева мен Ақжол Мейірбековті ғана байқадық. Шақырылмай қалғандарыңызға өкпелеген жоқсыздар ма?

- Осындай үлкен іс-шаралардан тыс қалғанына кім ренжімейді дейсіз! Меніңше, бұл - бәрінің де көңіліне келетін жайт.

Әрине, өзіңіз атаған адамдарды құрметтегеніміз дұрыс. Жастары да үлкен, өнер жолындағы сіңірген еңбектері де зор. Қазақ өнерінің бет-бейнесін көрсетуге лайық өнерпаздар. Бірақ кейінгі кезде үлкен орталардан шет қалып жүргеніме налитыным рас. Үлкеннің - үлкен, кішінің - кіші болғаны дұрыс. Оған талас жоқ.

Бірақ ортадағы әншілер не істейді сонда? Жастар көбейіп, ақша мен фонограмманың арқасында бізді таптап тастауға дайын тұр. Үлкен елемейтін, кіші сыйламайтын заман.

Оның үстіне, Ресейден шақырылған әншілерге 50 мың доллар төлейтіндер соның жартысын да отандық әншілерге қимайды. Бұл енді - бүкіл әріптестеріміздің жанына бататын нәрсе. Біле білсеңіз, біздің әртістер шетел әншілеріне қарағанда әлдеқайда жақсы, тек жағдайлары жоқ.

- Композиторлардың әнге таласып жүретінін білеміз. «Менің әнімді біреу айтып қойыпты» дейтін ыңғайсыздау әңгімені әншілерден де естіп қаламыз кейде. Өнер жолыңызда мұндай оқиға кезікпеді ме? Сіз біреуден немесе біреу сізден дегендей...

- Сейдолла Бәйтерековті еске алу кешінде менің орындауымдағы әнді өзінің әйелі орындап шықты. Әрине, өңдетті, жаңартты - таласым жоқ. Бұған қарап рұқсат сұрау, алдынан өту құрметі кешегі күнге тиесілі дүние екен ғой деген ойда қалдым. «Әр адам өз ісінің маманы болуы керек», - дейміз ғой кейде. Ал бізде әркім өз ісімен айналысып жүр деу қиын.

- Ендеше, қалай ойлайсыз, қазақ эстрадасы ырыл-дырыл бала-шағаға толып кеткен жоқ па?

- Бізде кім аузын ашса, сол - әнші. Өйткені қазақ эстрадасында сапа емес, сан басым. Бар әртістің жағдайын жасамай жатып, сахнадағы бала-шағаны сонша еркелетіп жібердік. Оның орнына дарынды әншіні танып-таңдап, оған жағдай жасап, әлемді аралату керек еді. Бұл ел аралатып қыдырту емес, қазақ мәдениетін, өнерін әлемге таныту болар еді.

- Көпшілік өнер адамдарының өнердегі және өмірдегі іс-әрекеттері сәйкес келмей жатады. Мәселен, Алла Пугачева сияқты адами табиғилықты сақтау қиын ба?

- Бізде Роза Рымбаева Алла Пугачеваның деңгейіне сай келмей ме? Оның сахнада өзін ұстауы да, әні мен сәні де қазақ әншілеріне үлгі дер едім.

- Өнер әлеміндегі әйелдер арасында шынайы достық бола ма, әлде бақталастық пен көреалмаушылық басым ба?

- Өнер саласында 20-30 шақты араласатын досым бар. Бірақ әр нәрсенің өз шегі болады емес пе? Қатты араласып кетсек, араздасып қалуымыз да мүмкін. Бәріміз де пендеміз ғой. Қателеспейтін адам жоқ. Қазір өнер адамдарынан бақталастық пен көреалмаушылық байқалмайды, өйткені бізде таласатын ештеңе қалмады. Бәріміз бір деңгейге түсіп кеттік.

Ел құрметіне бөленген кешегі ересек әншімен де, бүгін шыққан балапан әншімен де араласып жүрміз. Десек те, мынаны білген жөн: бақталастығы мен көреалмаушылығы жоқ өнер - өнер емес. Бақталастық бәсеке тудырады. Көреалмаушылық намысты шыңдайды.

- Шығармашылығыңыздағы жаңалықтармен бөліссеңіз...

- Сейфулин Жолбарыстың әніне жазылған «Жарыма» деген ән-альбомым аяқталды. Енді халық назарына ұсынамын. Сондай-ақ «Жұлдыздар отбасы» журналы арқылы халықпен байланысып, ел-жерден шақырту алып жатырмын. Енді ауылдарды аралап, гастрольдік сапар жасау ойымда. Ал жыл аяғында Алматыда шығармашылық кешімді өткіземін.

Әңгімелескен -

Ардақ ИМАНБЕКҚЫЗЫ,

«D»

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 16 (99) 04 мамыр 2011 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1724
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1695
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1420
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1346