Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3542 0 пікір 9 Мамыр, 2011 сағат 23:19

Ермек Қарабала. Прокурордың жырын айт!

«Жүре берсең - көре бересің», депті дана халқымыз. Интернетті парақтап отырып, Қарағанды облыстық прокуратурасының веб-сайтына кірген едік. Сол жерден (мына сілтеме бойынша http://www.karaganda-prokuratura.kz/kaz/about.php?id=6&m=1) ел прокурорларының өз әнұрандарының бар екенін білдік!

Еліміздің заңдарына сай әрбір құқық қорғау құрылымдарының өз туы, ресми белгілері бар екенін білетін едік. Алайда, еліміздің патриот прокурорлары барлық әріптестерін басып озып, өздерінің әнұрандарын да қабылдап үлгеріпті! Қай басшы екені белгісіз, әйтеуір бір кемеңгеріміз «Анда-санда бас қосқан кезде тек қана мемлекеттік әнұранмен шектелмей, ішкі корпоративтік рухты көтеретін ән шырқағанымыз дұрыс болар» деп ұйғарған болуы керек. Айтты болды, тапсырысқа сай ақжүрек ақын да, елгезек композитор да табылыпты.

«Прокурорлар әнұранының» сөзін танымал ақынымыз Шөмішбай Сариев жазса, әнін Владимир Питерцев деген азамат шығарған екен. Шөмішбайдікі түсінікті, оған «шөп те өлең, шөңге де өлең» Дұрыс-ақ. Питерцевке ақысын беріп, боқысын шығартса керек. Сөйтіп, жеке әнұрандары болмаған соң жұмысы жүрмей жатқан Қарағандылық прокуратурасына қатырып тұрып әнұран жазып берген екен. Бейімбет Майлиннің заманынан бері «Бәрін айт та, бірін айт, коллективтің жырын айт» деп келе жатқан халық емеспіз бе! Прокурорлар да адам баласы ғой, оларға да салалық патриоттық сезім керек шығар, қайтсін енді, дедік.

Әрине, «ведомстволық әнұран» шығару біздің елдің модасы емес. Көбінесе мұндайды біздің басшылар өздерінің ресейлік әріптестеріне қарап шығаратыны белгілі. Неге десеңіз, негеңіздің несі дайын. Ол - Қарағандылық прокурорларда да, басқаларда әскери шенді Ресейдің «атасы» кеңес өкіметінен алған, сол кезде қызыл әскердің даңғыл жолымен тайпалған кісілер. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанның саяси басшылығының Ресейден ішкі іргесі бөлуге қимастық көрсеткені әлгі прокурорлардың да айын оңынан тудырып, сүйікті қожасының адал құлы ретінде үнемі сол Ресейлік әкерилер не істесе соны қайталайды. Алайда, қазақ прокурорларның әнұранының сөздерін оқи отырып, оны бекіткен азаматтардың ойлау және талғау қабылеттерінің аса мәз емес екеніне көз жеткізгендей болдық. Бұл енді түсінікті нәрсе. Көршісінен көшірме жасауды ғана меңгерген Қарағанды прокурорларында небір өзіндік ой-талғам болсын... Сөйтіп, атына - заты сай әнұран осындай болады екен деп қалдық.

Қазақстан Прокурорларының Әнұраны

Сөзін жазған: Шөмішбай Сариев
Әнін жазған: Владимир Питерцев

Таң атады - Азаматқа жүк артып,
Қысқа ғұмыр - Күн батады мұнартып.
Жер бетінде, Адам - Адам болғасын,
Ар алдында, Заң алдында кім артық!?

Бар Адамға бір ғана тек Құдай бар,
Харамдар көп тұнығыңды ылайлар,
Біз болмасақ - Әділетті кім сақтар,
Біз болмасақ - Елдің жайын кім ойлар!?

Қайырмасы:
Адамсың ба, Ел - халқыңа сор болма,
Адамсың ба, Ар алдында қор болма,
Әділетті заң жолы бар - Тура жол,
Келеді елім! Тәуелсіздік сол жолда!

Күн нұры бар, Баршаға ортақ жайыпты,
Әділет Заң! - Жазаланар айыпты,
Құдай берген бар ғұмырды кешуге,
Әрбір Адам, әрбір жүрек лайықты.

Санасатын ақыл-оймен, санамен,
Теңіз - терең, Таулар биік,
Дала - кең,
Заң алдында Біз Әділет сақшысы,
Прокурор деп Есім қойған бар Әлем!

Қайырмасы:
Ақиқатқа тура көзбен қарайық,
Қылмыскерге - тағылады сан айып,
Әділетті Заң жолының маманы,
Біздерді енді басқаша ұқпа халайық.

Тазалық бар - ашқан көңіл сарайын,
Қиянаттың - көрді өмір талайын.
Заңның жолы - таптамасын гүлдерді,
Заңның жолы - Сенің жолың, Ағайын!
Қайырмасы.

P.S. Өкінішке орай,  біз «Қазақ стан прокурорларының әнұранының» аудионұсқасын таба алмадық. Бірақ, салыстыру үшін оған негіз болған «Гимн прокуратуры России» (Перед законом все равны) әнінің аудионұсқасын қоса бергенді жөн санадық. Қалғанын өздеріңіз топшылай беріңіздер, ағайын!

http://muzofon.com/search/%D0%93%D0%B8%D0%BC%D0%BD%20%D0%BF%D1%80%D0%BE%D0%BA%D1%83%D1%80%D0%B0%D1%82%D1%83%D1%80%D1%8B

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1785
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1769
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1489
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1390